"Аналар асыл жандар" атты аналар мерекесіне арналған шара

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мұғалім сөзі:

Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей аялайық.

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 

1-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Ерболат Мұратқалиұлына береміз.

2- жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын. 
Алдарыңызға әнші ұлдарыңыз   Тулешов Арсен, Койшыбаев Талғаттың орындауындағы «Анаға сәлем» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің 
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы 
Сейілмесін жанарынан ананың 
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы 
Аялайық аналарды әрдайым 
Қуанышқа бөлейікші өздерін 
Әжелердің,аналардың,қыздардың 
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Көркемсөз «Ардақты ана». Оқитын: Гимеденов Әбілхан



Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.47 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 120

Похожие материалы