Аналармен өткізілген ашық тәрбие сағаты "Әлпештеген, аялаған апатайым!"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Чамакаева Асем Хамитовна
|
8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында 5 сынып оқушыларына арналған "Әлпештеген, аялаған анашым!" атты кештің жоспары.
Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.
І. Аналармен сәлемдесу тренингі.
Оқушылар биі флешмоб.
1 оқушы: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!
2-оқушы: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Әлпештеген, аялаған анашым!..» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!
3-оқушы: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?
4-оқушы: Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
5-оқушы: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
6-оқушы: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
3-оқушы:
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.
1-жүргізуші: Қадірлі қауым! Бүгін сіздер "Әлпештеген, аялаған анашым!" атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз ана мен баланың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 5 жұп (ана мен қыз) қатысады.
2-жүргізуші: Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
І. Таныстыру
ІІ. Ата мұраң-асыл қазынаң!
ІІІ. Ана мен бала бірлесе отырып мақал-мәтелдерді жалғастыр.
ІV. Қиял арманға жетелейді! (Аналар арасында шығармашылық жұмыс).
V.Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер!
VI.Билей білу де өнер!
VII. Ситуациялық сұрақтар. (Аналарға сұрақтар).
VIII.Оқушылар арасында «Нені анаға теңер едің?!»шығармашылық жұмыс.
IX. Аналарды құттықтау. Қорытындылау.
1- жүргізуші: Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз. (Жеке-жеке атап шақырады да, арнайы дайындалған орындарға отырғызады).
2-жүргізуші: Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз.. Ал олардың сүйікті балалары қолғабыс етеді. Яғни, бірінші кезеңіміз – " Ата мұраң-асыл қазынаң " кезек жетті.
1- жүргізуші: Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, ұлдардың дайындаған әзіліне құлақ түрсек.
« Жаратылыстану сабағыңда», «Бян сұлу Қозы көрпеш » сынды әзіл көріністер құрылады.
III.Осыдан соң «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» ойыны өтеді. Аналар балалармен бірге мәтелдерді шешеді.
1-жүргізуші:
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды атанған.
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен анамның сонысына мақтанам!
IV.«Қиял арманға жетелейді!» атты шығармашылық жұмысына да кезек жетті. Ендеше аналар бүгінгі мерекелік көңіл күймен шығармашылық жұмыс орындайсыздар.
V.«Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер!» бұл кезеңде аналардың көзін байлап мата түрлерін анықтауы керек.
VI.«Билей білу де өнер!» бұл кезеңде әр топ экраннан бір ұяшық таңдап сол ұяшықта шыққан би түрін билеп беру қажет.
VII. Ситуациялық сұрақтар. (Аналарға сұрақтар).
1-сұрақ: Сіздің қызыңыз бір баламен жақсы дос. Бірақ, ол жігіт өте бұзық, отбасы өте нашар тұрады. Сіз қандай әрекет жасайтын едіңіз?
2-сұрақ: Бүгін сіздің қызыңыздың ең жақын құрбысының туған күні. Қызыңыз сыйлық үшін ақша сұрады. Ал сізде ақша да, басқа бір бағалы сыйлық та жоқ. Мұны қызыңыз түсінер емес, үйді басына көтеріп, жылап отыр. Қарыз сұрадыңыз. Ешкімнен табылмады. Сіз қандай әрекетке барасыз?
3-сұрақ: Қызыңыз дәл қазір өтпелі кезеңде. Ол тым дөрекі болып барады. Сізді ана, жарыңызды әке деп қарамайды. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды тыңдамайды. Күннен күнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Темекі де шегетін секілді. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз?
4-сұрақ: Сіздің қызыңыз сыныптасының ақшасын ұрлап алыпты. Мұнымен қоймай ол қызбен төбелесуге дейін барыпты. Сізді ата-аналар жиналысына шақыртып масқара етті. Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз?
5-сұрақ: Сіздің қызыңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмайды. Сабаққа деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасайсыз?
Аналар сұрақтарды ашып жауап береді. Ұтқыр ойдың иесі жоғары балға ие болады.
VIII. «Нені анаға теңер едің?!» тақырыпта оқушылар шығармашылық жұмыс орындайды.
2-жүргізуші: Әділ-қазыларымыздан бүгінгі сайыс қортындысын жариялауды сұраймыз. Қорытынды жарияланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Сергіту сәті! Би билейміз бәріміз!!!
1-жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде.
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!
Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз!
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Анаға қарап қыз өсер" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 5.61 Mb |
Количество скачиваний: | 6 |