Антивирустар патшалығына саяхат сабағы

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Антивирустар патшалығына саяхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру

Дамытушылық: Компьютерлік вирустар түрлерін ажырата білуге, ДКді компьютерлік вирустардан қорғау әдістерін және вирусқа қарсы программалардың жүктелуін үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырманы тиянақты орындауға , ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ ( саяхат сабақ )

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілікті, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, вирусқа қарсы программалар, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу және зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ( сұрақ – жауап )

ІІІ. Білімді тексеру Тест тапсырмалары:

1. Компьютерде кез келген файлды тез тауып бере алатын команда

А. Жою ( удалить )

Ә. Іздеу ( Поиск )

Б. Рәсімдеу ( Оформление )

2. Файлды іздеу үшін нені білу керек?

А. Файлдар мен буманың тұрған жерін

Ә. Объектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін

Б. Файлдарды, капшықтарды

3. Файлдар мен бүмалар атын іздеу өрісіне не енгізу керек?

А. Құжатты Ә. Файл атын немесе файл фрагментін Б. Табу сөзін

4. Мәтін іздеу өрісіне не енгізуге болады?

А. Файл атын Ә. Папка атын Б. Мәтін фрагментін

5. Іздеудің қосымша параметрлерін енгізу үшін қандай жазуға шерту керек?

А. Табу параметрі

Ә. Файл фрагменті

Б. Іздеу параметрлері

ІV. Мақсат қою
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру
V. Жаңа материалды түсіндіру
Армысыздар оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Антивирустар патшалығына саяхат ” деп аталады. Өмірдегі сияқты “ компьютер әлемінде ” де көп кедергілер кездеседі. Саяхат барысында алдымызда көптеген кедергілер бар. Ол – компьютерлік вирустар. Ал антивирустар патшалығы компьютер әлемін вирустардың жауынгершілік шапқыншылығынан қорғайды, яғни компьютер әлемінің тағына вирустар-дың отырмауын қамтамасыз етеді. Сіздерге сәттілік тілей отырып саяхатымызды бастайық. Іске сәт!

Саяхатымызды бастамас бұрын компьютерлік вирустардың анықтамасына тоқталайық

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “ бүлдіруге ” кіріседі, сондай - ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ ауру жұққан ” немесе “ бүлінген ” деп аталады.

Саяхатымызды « Вирустар саябағынан » бастайық. « Вирустар саябағына » қош келдіңіздер!

Вирустар үш түрге бөлінеді:

1. Мекендеу ортасына қарай

2. Жұмыс логикасы және мақсатына қарай

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 98 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 153

Похожие материалы