«Арайлы,алтын күз» (сайыс).

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Арайлы,алтын күз» (сайыс).

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы,алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

1 – шіЖүргізуші:Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы,алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы– қазан. Бұл ай – мереке басы.

2 – шіЖүргізуші:Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

1 – шіЖүргізуші:Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пененшаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

2 – шіЖүргізуші:Күз мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып, кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендерді әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

1.Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары:Надирова Гүлсім

2.Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Ахбайқызы Гүлзат

3.Бастауыш сынып мұғалімі:ҚосановаҰлаш

1 – шіЖүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,

«Арайлы алтын күз» кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке,

«Арайлы , алтын күзді» тойлаймыз.

2 - Жүргізуші:Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!4«А» Сыныбының ханшасы ТөлегеновЕрнұрменханзадасы ТөлегеноваГүлнұрды ортаға шақырамыз.

4 «Ә»СыныбыныңханшасыОңалов БауыржанменханзадасыМаткаримЖұлдызды ортаға шақырамыз.

3 «А»Сыныбыныңханшасы БердиевМарлен менханзадасы ЕсенбайЖұлдызды ортаға шақырамыз.

3 «Ә»Сыныбыныңханшасы Мұрат Бейбіт пен ханзадасыОңаловаАқтұмарды ортаға шақырамыз.

1 – шіЖүргізуші:Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын жеребе тастау арқылы анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз.

2 - Жүргізуші:Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік.

1.«Сәлем –сөздің атасы» Бұл бөлімдеоқушылар өздерін жеке - жеке таныстырады.

2.«Өнерлі өрге жүзер»Екеуінің де өнері тамашаланады.

3.«Сымбат көрік ,сәндік өнер» Өз шығармашылықтары, жоқтан бар жасау. / киім үлгісі/

4.«Кім білгір?» Жұмбақ шешу,мақал-мәтелді жалғастыру.5.«Үй тапсырмасы»Күзгі жапырақтардан аппликация жасау.6.«Жұптық егіздер»Қағаздан белгілі бір өрнекті қию.

1 – шіЖүргізуші:«Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімі«Сәлем –сөздің атасы»таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

Шарты: Әр сыныптан қатысушы жұптар өздерін таныстырып шығады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 365.7 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 178

Похожие материалы