Здесь была ссылка на работу Ардакты Ана автора Ниязов Серик УЗАКБАЕВИЧ.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тоқмұхамедов Қ.Қ. атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектеп тәрбиешісі Асанова Фарида Жеткергенқызының 4«Г» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен өткізген ашық сабағына өзіндік талдауы. Әдебиеттік оқу пәнінен «Ардақты ана» тақырыбында (07.03.14ж.) мектепішілік ашық сабақ өткіздім. Басты мақсатым - оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру,белсенді, ынталы оқуға үйрету. Сабақты өту барысында қазақ тілі пәнімен, өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың білім деңгейіне назар аудардым. Бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым – оқушылардың білгендерін жүйеге келтіру, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа үйрету, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Осы мақсатыма жету үшін техникалық құралдарды пайдалана келе, топтық жұмыстар мен шығармашылық тапсырмаларды бере отырып, ақпараттық хабар беріп сабағымды өткіздім. Сабақ түрі – дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі – аралас сабақ. Ал әдісі сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, ізденушілік, еркін жазу, хабарлау болды. Өткен сабақтағы алынған жазба жұмысын оқыту арқылы,тақырыпты толық ашу мақсатында шығарманы бірнеше оқушыға оқыттым. Мақсатым – оқушылардың анаға деген ойын, сүйіспеншілігін жазбаша қалай жеткізгенін насихаттау болды. Жаңа сабаққа дайындық ретінде жұмбақ шешкізу арқылы, «Анам деген кім?» сұрағына кластер жасата келе, жауаптар тізбегін жасаттым. Сергіту сәтінде анаға арнап ән айтқызу арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырдым, көңілдерін сергіттім. ТСО арқылы автор туралы мәлімет бере отырып, өлең мазмұнымен таныстырып, сөздік жұмысын жасап, өлең мазмұнын толық түсінуіне жағдай жасадым. Оқытудың барлық түрі жүрді. Өлең құрылысына қарай талданды. «Әдеби үйірме» әдісі бойынша өлеңмен жұмыс жасалды. Оқушылар өлеңді өздері баяндап, зерттеп, өз бетінше сұрақ қойып, өз ойларын толық жеткізе білді. Одан әрі оқушылар, «Менің анашым» тақырыбында эссе жазу, «Бес жолды өлең»құрастыру арқылы, өлең шығару, тілек жазып, қиындылардан гүл шоғын құрастыру арқылы анасына деген махаббатын толық жеткізді. Сабақты «Ана» сөзінің кілтін таптыра отырып, оқушылар ананың асыл адам екендігін ұғынды. «Бір айналым сұхбат» әдісімен қорытындылап бағаладым. Сабақ барысында үш мақсат, талаптарды орындап, уақытымды тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатыма жеттім.