"Армысың,Алтын күз" тақырыбындағы топтық сайыс "Құстар қайтып барады мекеніне"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті

    №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

                  Берсугирова Мирамкул

 

 

                    «Армысың,Алтын күз» тақырыбындағы 

                                4 сыныптар аралығындағы

                                    топтық сайыстың

                                       бағдарламасы

 

                                                  І сайыс

 

 

А.Табиғатты мадақтау

Ә.Қай топ құстар атын көп біледі?

Б. Топқа бөлу

        1.Үй құстары

        2.Су(жабайы) құстар

        3.Жыл құстары

        4.Қыстайтын құстар.

 

                                                 ІІ сайыс

 

 

А.Мақал айту

Ә.Жаңылтпаш айту

Б.Тыйым сөздер айту.

 

                                                  ІІІ сайыс

 

А.Жұмбақтар айту.

Ә.Болжамдар

Б.Қай құстың ұясы?

 

                                                  ІҮ сайыс

 

А.Сөз жұмбақ шешу.

Ә.Ұйқасын тап.

Б.Қалай дыбыстайды?

 

                                                   Ү сайыс

 

 

«Көгершін қоржыны» ситуациялық сұрақтарға жауап беру.

 

                                                    ҮІ сайыс

Әр топтан өнер көрсету

(ән,рольде ойнау,құс макетінен көрініс,би)

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: « Құстар қайтып барады мекеніне»

Сабақтың мақсаты:

1) Табиғат туралы түсінігін тереңдету.Құстар өмірін тіршілігін, өмірін ортаға салу.Құстардың пайдасын түсіндіру.

2) Оқушылардың сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін,белсенділігін дамыту.

3) Отанын сүюге,табиғатты сүюге,аң құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер,плакаттар,ойын,қанатты сөздер,»көгершін қоржыны»,би,ән. Т.б

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз:Балалар,сендер 4 жылда ана тілі және дүниетану сабақтарында табиғат жайлы көп оқыдыңдар.

Бізді қоршаған ортаны табиғат десек,адам-табиғаттың тамаша туындысы.

Табиғатты аялау міндетіміз.

Су,тау,орман,адам, аң-құстар,-табиғатты сақтайтын құдіретті күш.

Өйтені артық ештене жоқ.Біріне-бірі керек.Егер тепе теңдік сақталмаса,апат басталады.

Сондықтан оны қорғауға тиіспіз.

Бүгін табиғаттың бір бөлшегі-құстар жайлы білгенімізді ортаға саламыз.

      1.Әділ қазылар алқасын таныстыру.

 2.Әр топ атын айтып,топ басшылары сәлемдесу.

Әділ қазылар алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайстарда неше бір,

Сарапта сал әділдікпен шеше біл.

 

Ал,оқушы,ұстаздар,

Ортаға назар салайық.

Сайыскер шықты сайысқа

Қол соғып қарсы алайық!-деп ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

 

4 «а» сыныбы «қарқ-қарқ»   Нағашыбаева Ж,Төремұратова Б,Әбдісадық Т,Каналбаев Б

4 «б» сыныбы «Қарлығаш»  Қожабаева Л,Молдашов М,Шәкизадаева Ж,Әлмұратов Ұ

4 «в» сыныбы  «Аққу»  Жанзақова А,Байзақова А,Байзақов Ғ,

4 «г» сыныбы «Бүркіт» Сағынаева А,Таңатарова Т,Қабылаш А,Құрманғалиев Қ

 

І сайыс:А. Табиғатты мадақтау.

Әсем табиғат аясы.Табиғаттың бұл сұлулығын қазақтың данышпан ақыны Абай атамыздың өзі назардан тыс қалдырмай табиғат сұлулығын адам өмірімен байланыстырып жырлаған. Табиғаттың сұлулығын суретшілер суретке салса,ақындар өлеңдер жазған,ал сазгерлер ән шығарған.

Ендеше табиғатты мадақтау жайлы білімдерін байқап көрейік.

Ә.Қай топ құстар атын көп біледі?

Б. Топқа бөлу.

1. Үй құстары:Тауық,үйрек, қаз, күрке тауық.

2.Су(жабайы)құстары:шағала,үйрек

3.Жыл құстары:тырна,қаз,қарлығаш,қараторғай ,үйрек.

4.Қыстайтын құстар:шымшық,суықторғай,алақарға,құр,тоқылдақ.

 

ІІ сайыс:Мақал,жаңылтпаш,тыйым сөздер айту.

Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген,оның ыстығына күйіп,суығына күйіп,көнген.Ата бабаларымыз аттарына байланысты әртүрлі мақалдар,тыйым сөздер қалдырып кеткен.

Ендігі кезекте осы туралы айтайық.

 

ІІІ сайыс.

А)  Жұмбақтар айту.

Ә)  Сонымен қатар құстар ауа райында болжай білген

Б)   Қуанамыз,қолдаймыз.

       Ұя жасап ұқыптап,

       Біз оларды қорғаймыз- дей келе қай құстың ұясы екенін табу.

 

ІҮ сайыс

А)  Сөзжұмбақ шешу.

Ә)  Ұйқасын тап.

Б)  Қалай дыбыстайды?

 

Ү сайыс

Оқушылар сағынып

Оралады мектепке

Құстар жатыр асығып,

Жылы жаққа кетуге

 

-Балалар,бүгінгі құстар бізге «көгершінмен»хат жіберіпті. Көгершінді қарсы алайық.

 

Ән:Ақкөгершін.

 

Ситуациялық сұрақтар

1.Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып,кетпекші болса,сен не айтар едің?

2.Егер құстың ұясынан балапаны түсіп кетсе,сен қалай істер едің?

3. Сенің тауығын жұмыртқалады.Енді балапан басқысы келіп жүргенің байқадың?

4.Сенің сол жұмыртқаны жегің келеді.Сол сәтте қайсысын қалар едің?

 

ҮІ сайыс: Әр топтан өнер көрсету.

 

«Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін

Бүкіл адам табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын»-дегендей келесі кезекті....

 

4 «а»  Құс макетімен көрініс

4 «б»  Ән :Қстар қайтып барады.

4 «в»  Ән:Құстар қайтып барады.

4 «г»   Құс макетімен көрініс.

4 «б»  Би: «Аққу»

 

 

 

 

4»а»  Ән: «Бозторғай»

                 «Арал вальсі»

                 «Қос қарлығаш»

 

4 «в»        «Ақ көгершін»

4 «г»         «Бозторғай»

 

Қортындылау. Мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 376.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 149

Похожие материалы