Арнаулы курс информатика

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
4 - сыныптарга арналган арнаулы курс жоспары. Информатика пәні. «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін бастауыш мектепте оқыту бағдарламасына ТҮСІНІК ХАТ   ҚР Үкіметі 2004 жылдың 24 ақпанында (№3 хаттама) мақұлдаған Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық дайындығын жетілдіру болып табылады. Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі бүгінгі қоғамдағы ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен анықталады. Осыған орай білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі ЮНЕСКО институтының «Бастауыш білім берудегі информатика» атты ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжірибелерін талдау қорытындыларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, 1-4 сыныптарда «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін оқытуды ұсынып отырмыз. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. Пәннің негізгі мақсаты балалардың операциялық (логикалық) ойлау қабілетін ерте бастан қалыптастыру болып табылады. Өйткені психолог ғалымдардың анықтауы бойынша, адамның жинақтаған білімінен гөрі, оның ойлау қабілетінің дамуы, талдау жасай білуі, алынған ақпаратты жалпы тұрғыдан қарастыра отырып, соның негізінде шешім қабылдауы өте маңызды рөл атқарады екен.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.22 Kb
Количество скачиваний: 44
Просмотров: 167

Похожие материалы