АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті техника және технология. Интерактивті техника және технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, Оn-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердін бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

Оқушылардың құзіреттілігін арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту атты баяндамамда қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады.

Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

- оқушының өз бетімен жұмысына;

- уақытын үнемдеуге;

- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

- қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

- экономикалық тиімділігі;

- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с);

- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.

Электроңдық оқу құралын арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады деп есептеймін. осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал.

Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттаңдыру мақсатыңдағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайыңдығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану - бұл жеке тұлғаны҃ әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық -коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті кұзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелері. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Ақпараттық кұзіреттілікті дамытудың басты мақсаты - оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Кәсіптік білім беруде оқушылардың құзіреттілігін арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту атты мақаламды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

- кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал - жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

- кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

Ақпараттық құзіреттілікті дамытудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап керсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.83 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 119

Похожие материалы