Артық болмас білгенің... Сырмақшылық жөнінде.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сырмақшылық жөнінде.

      Сырмақшылық – халқымыздың дәстүрлі қолөнерінің бірі. Ол халқымыздың тұрмыс тіршілігінің, шаруашылық ерекшелігінің қажетіне сай аналарымыз бен апаларымыздың ақыл парасатынан, еңбекшіл іскерлігінен, көркемдік талғамы мен әсем өнерлік шеберлігінен туындаған аса құнарлы ұлттық өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден-бір жарасымды жабдық.

     «Сырмақ» сөзі – «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымақ» болып айтылып, кейін келе «ы»әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып қалыптасқан. Осы «сырмақ» сөзінің өзі-ақ, сырмақтың сыру арқылы жасалатындығын түсіндіреді, әрі осы сөзден сырмақтың алғашқы нұсқасын  да көз алдымызға елестету қиын емес.

      Кесек киіздер, текеметтер сол замандарда алғашқы қажеттікті өтегенімен, қоғамдық құрылымның  біртіндеп дамуы мен тұрмыс мәдениетінің қалыптаса түсуіне сай, тазалыққа тиімсіз, тұтынуға епетейсіздігі байқалған. Адамдар санасындағы талғам-талап, қажетсінудің қолөнерге ықпал етуімен, қолдануға ыңғайлы, жеңіл-желпі, әрі көркем төсеніштер туындады. Осылайша сырмақ пайда болды. Сырмақтың өмірге келуіне  күнделікті өмірдегі қарапайым нәрселер себеп болса керек. Мәселен көнерген, киіздерді қабаттап төсену, одан соң оны қобырай бермеуі үшін қабаттап көктеу. Осыдан бара-бара қабаттауды белгілі пішінге келтіріп, ықшамды етіп төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге, одан сыруға өзгерткені мәлім. Сөйтіп алғашқы сырмақ пішіні қалыптасқан. Бұл сырмақтар алғашында, әрине орта салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кезгі таңба белгілер, нанымдар бойынша өрнектер түсірілді. Мәселен ашамай +, х белгі, күн пішіні т.б. Осыларды айналдыра сыру тәсілі қолданылды.

        

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.73 Mb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 115

Похожие материалы