Ғарышқа ұшу
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Байдуллаева Маусим Хамзеевна
|
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Байқоңыр туралы әңгімелей отырып, ғарышкерлер
туралы түсінік беру, сөйлем туралы түсініктерін пысықтау.
Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе білу
қабілеттерін арттырып, ой - өрісін кеңейту, оқушылардың тілін
дамыту. Ғарышкер ағаларымыздың ерліктерін ұмытпауға, Отанын
сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреті, ғарыш кемесі, сөзжұмбақ, тірек – сызба.
Сабақтың әдіс – тәсілі:Сұрақ – жауап, матиматикалық фигуралардан зымыран құрастыру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
3 – 4 балаға геолог тақырыбын оқыту.
Ал, енді балалар сұрақтарға жауап бере отырып, мына пішіндерден ғарыш кемесін құрастырып алайық. Ол үшін мына пішіндердің артындағы тапсырмаларға дұрыс жауап бере отырып, пішіндерді орналастырамыз.
Сұрақтары:
1.Елімізде қандай қазба байлықтар бар ?
2.Қазба байлық не үшін қажет ?
3.Геолог қандай мамандық деп ойлайсыңдар?
4.Қаныш Сәтбаевті неліктен геолог – ғалым дейміз ?
5.Біздің облысымызда қандай қазба байлықтар бар ?
6.Сәуір айында қандай мереке бар ?
Ал, балалар біз пішіндерден не құрсатырдық?
-Ғарыш кемесі.
-Дұрыс айтасыңдар балалар.
-Ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшады. Байқоңыр – ғарыш мекені. Ғарышкерлеріміз осы ғарыш кемесі арқылы ғарышқа ұшқан.
Жарайды балалар, ендеше тақтаға назар аударып, сөзжұмбақты шешейік.
1.Қаныш Сәтбаев кім ?
2.Екі мен төрттің қосындысы неше тең ?
3.Мынау қандай өрнек ? а + 7
4.Қазан, кесе, қасық дегендердің жалпы атауы
5.«Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші кім ?
6.Тіс кірлесе тазартар,
Киімнің кірін азайтар,
Бәтеңкеңді жаңартар.
Бұл не ?
7.Ән айту, би билеу, күй тарту бұлардың жалпы атауы не ?
8.Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
Жақсы балалар ерекшеленген тор көзден қандай сөз шықты ?
-Ғарышкер.
-Жарайсыңдар балалар өте дұрыс айтасыңдар.
ІІІ Жаңа сабақ
Ғарышқа ұшу
Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып түсіндіру.
Сергіту сәті:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз «Біз»
Дәптермен жұмыс:
Сәуірдің жиырма екісі
Ғарышқа ұшу
Ғарыш
158 – жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазу.
Байқоңыр
Ғарышкерлер мекені –
Қазақ жері Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Сабақтың қорытындылау: Топтастыру стратегиясы арқылы
Ғарыш кемесін жасадық Ғарышкерлермен таныстық
Сөзжұмбақ шештік Өлең оқыдық
Үй тапсырма: Ғарышқа ұшу мәтінін оқып, мазмұнын айту. «Кім болам» тақырыбына шағын әңгіме құрап келіңдер.
Бағалау: Оқушыларды салыстыра отырып бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 4.93 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |