АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ ТАРАУЫН ҚОРТЫНДЫЛАУ»
тақырыбына   PISA типтік тапсырмаларын   қолдану

Өзектілігі:

  Белсенді оқыту әдістері мен логикалық тапсырмалар оқушының ой –өрісін кеңейтеді, өмірлік тәжірибеде қолданады. Нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми- жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастырады.

Жобаның мақсаты -  оқушылардың ғылыми-жаратылыстану  сауаттылығын

 дамыту  мақсатында  PISA бағдарламасы тапсырмаларын  орындау  арқылы , алған  білімдерін  күнделікті  өмірде  пайдалану.   

Жобаның  міндеттері:

1)    Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын  дамыту

2)    PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындау

3)    Жеке  тұлғаның  құзырлылығын  қалыптастырып, бағалау

Нәтижесі:

  --  Осындай тақырыпта өткізілген сабақта оқушылардың   жаратылыстану

сауаттылығы қалыптасады.

-- PISA  тапсырмаларын орындай отырып  күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар  арасынан ТТР анықтап, оны ғылыми тұрғыда дәлелдей алады.

-- Оқушының функционалдық құзыреттілігі қалыптасады.

Жаңашылдығы :

  Оқушыларда тақырып бойынша жаңа түсініктер қалыптасады.

Алған білімдерін өмірлік тәжірибесінде қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Жетекші идеясы:

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысы-мен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, мектеп оқушыларының функционал-дық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру.

 

Кіріспе

      «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жараты-лыстану функционалдық сауаттылығын дамыту» функционалдық сауаттылықты арттыру мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталуына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өкізілетін оқушылардың ғылыми- жараты-лыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасына талаптарына сәйкес келеді.

      2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелігін Қазақстан Республикасының мектепте білім берудің сапасын арттыру-шы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған.

   Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықтың қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.   Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгей-лерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыс-тыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлтты зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мүшелерде астың  қорытылу құбылысын, ас қорыту сөлдерін, ферменттердіңәсері туралы түсінік бере отырып, ас қорытудың адам денсаулығына қажеттілігін  ұғындыру

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін  жетілдіру  мақсатында тәжірибелер  көрсету  арқылы  олардың дүниетанымын  ойындар  ойнату арқылы   дамыту

Тәрбиелілік: Дұрыс  және ағзаға пайдалы  тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын   сақтауға тәрбиелеу.

 Сабақтың көрнекілігі:  Ас қорыту жүйесінің   құрылысы  суреттері,    тірек – сызбалар, оқушыға көмекші   материалдар   топтамасы

Пәнаралық  байланыс: химия, медицина

Сабақтың типі:  Жүйелеу жинақтау сабағы

Сабақтың түрі:  Зерттеушілік тұрғыдағы сабақ

Сабақтың әдісі:  Түсіндірмелі көрнекілік

Сабақтың жоспары :

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. “Ер дәулеті – еңбек”

Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. “Ырыс алды – ынтымақ”-негізгі бөлім

Үй тапсырмасын пысықтау.

ІҮ. “Бәрін білгім келеді”- қорытындылау.

Ү. “Бейнет түбі- зейнет”- бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма

                                                                                  

                                                             Кулчат  Кунтубаева

                                                         Ақтам орта мектебі

 

                                                        Биология  пәнінің  мұғалімі

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.5 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 172

Похожие материалы