Асан қайғының Жерұйықты іздеуі

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні: қазақ әдебиеті                                                                                                                    Сынып: 5                                                                                                                                      Пән мұғалімі: Ешетова Гульжан Сауытбековна

Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»              Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының бай қазынасы –ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгілерімен танысады. Халық ауыз әдебиетін сүюге,өрнекті сөз бен асыл ойдың мәнін терең ұғуға үйренеді. Балалардың тілін ұстартып дүниетанымын кеңейту, жалпы адамгершілік рухта тәрбиелене тәрбиелене отырып, Асан қайғының жерүйықты іздеудегі елге, жерге деген сүйіспеншілік  қасиеті мен жолдарының мағынасын терең түсініп, білік дағдыны қалыптастыра өмір сүруге дағдыланады.                             Сабақтың міндеттері:                                                                                                                     1 . Мәтінді оқып мазмұны мен идеясын анықтайды.                                                                        2. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.                                                      3. Ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.                                                                                      Оқыту технологиясы: Ұжымдық оқыту технологиясы.                                                  Сабақтың типі: жаңа сабақ                                                                                               Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ                                                                                  Сабақтың әдісі: «Суретті болжау» , сұрақ-жауап, «Жигсо», «Венн диаграммасы»                                                                                                                      Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:                                                   1.Құралдар:  А1 форматты қағаз,  маркерлік тақта, интерактивті тақта.            2.Көрнекіліктер:  Қазақстан Республикасының картасы,тірек сызба, мәтіндік тапсырмалар  материалдары, тірек сызбасы .                                                             Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, қазақ тілі , тарих.                                          Күтілетін нәтиже: Кейіпкер бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді көреотырып, үлгі етіп, қорытынды ой түйеді, шығармашылық қабілеттері артады.  Сабақ барысы:

Уақыт

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің                        іс-әрекеті

Оқушыныңіс-әрекеті

2 мин.

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Топқа бөлу

2. Бағалау критерийлерімен таныстыру

Топ мүшелерінің  әрбір белсенділіктеріне  смайликтер  беріп отыру

Әр смайлик-1 балмен бағаланады.

Қима қағаздардан мазайка құрастыру арқылы топтарға отырғызады                           Бағалау критерийлері:
«5» - 9-10
«4» - 8-7
«3» -6-5

1.Үй тапсырмасы бойынша берілген тапсырма толық орындалуы, сұрақтарға толық жауап беруі- 3 балл
2.Топта талқылауға өз үлесін қосып, белсенділік таныту- 2 балл.
3. Топ мүшелерінің пікірін құрметтеу, өзін ұстай білуі- 2 балл
4. Жаңа сабақтан түсінгені бойынша берілген тапсырманы жүйелі жеткізе отырып, өзіндік пікірін білдіру, қорытынды сөз айту-3 балл

Қима қағаздар арқылы 4 топқа 4-5 оқушыдан отырады

Бағалу критерийлерімен танысады.

10 мин.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Шығармашылық жұмыс

 

Ауыз әдебиетінің түрлерін  пысықтау арқылы үйде орындап келген шығармашылық жұмыстарын көрсетуді сұрайды.

Жетелу сұрақтар қойып ойларын нақтылайды. 1.Өтірік өлеңінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?Бағыт береді.

«Қырық өтірік» ертегісінің неізінде  жазған өтірік өлеңдерін оқып, өлең бойынша салып келген суреттерін  көрсетеді.Ойларын дәлелдейді1.Өтірік өлең де халықтың арман қиялынан туған және ондай өлеңдер тапқырлыққа жетелейді.

15 мин.

ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту және мағынаны ажырату

І «Болжау» кестесі

Суретке қарап бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау.

Интерактивті тақтадан суреттер беріледі (Қария, түйе, қазақ даласы, карта  )

 

ІІ «Жигсо» әдісі 

1.Жанұя тобына  төртке бөлінген мәтін үзінділерін   топқа үлестіріп бөліп беру..

2.Жұмысшы тобының шартымен таныстыру.

3.Жанұя тобы шартымен таныстыру. Жанұя тобына қайта оралып, өз топтарында  білгендерімен ой бөлісу.

 

 

 

 

 

Сөздікпен  жұмыс

 

Оқушылардың  келтірген болжамдарын оқытады.

2. Сабақ тақырыбымен таныстырады, түсіндіреді.

Сұрақ.

1. Аңыз дегенімізді естіп пе едіңіздер?

2. Қандай аңыздарды білеміз?

3. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс» деген  сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді.

Сұрақтар бойынша жауап алады, толықтырады.

Жалпы аңыз әңгімелер мен Асан қайғы туралы түсінік береді.Жетелеу сұрақтар қояды.

«Жигсо» әдісі» бойынша мәтін үзінділерін таратады, бағыт береді.

1.Берілген мәтінді жеке оқып , жұбымен ақылдасатынын, ойларын жинақтап топта талқылайтыны туралы түсіндіреді.

2.Оқушылар таратылған  сандық жетондар арқылы жұмысшы тобына барып мәтін үзінділерімен танысып келге бағыттайды.

3.Жанұя тобына қайта оралып, өз топтарында  білгендерімен ой бөлісуді сұрайды.

Сөздікпен  жұмыс Желмая-түйеЖиһан –дүние, жер –жаһанЖерұйық-жайлы қонысТүз-дала,мидай дала

Суреттке қарап  оқушылар екі-үш сөйлеммен өз ойларын білдіреді  шағын әңгіме немесе ертегі құрастырады, бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасайды.

 

 Сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 

«Жигсо» әдісі 

1-қадам. Жанұя тобында берілген мәтін үзінділерімен танысады. Жұбымен талқылайды.

2-қадам сандық жетондары арқылы жұмысшы тобына барып мәтін үзіндісімен танысып қайтады

3-қадам. Жанұя тобына қайта оралып, үзінді жалғасын топтарына түсіндіреді. Топ басшы айтқандарын жинақтап мәтінді мазмұндайды.

Тақтада берілген сөздерді мұғалімнің көмегімен мағынасын ашады,  дәптерлеріне жазады.

10 мин.

ІV Бекіту 1.Пысықтау сұрақтары, тапсырма беріледі.2. Саяхат «Асан қайғының жүрген жолдары» Қазақстан картасы арқылы Асан қайғы жүріп өткен жолдарды тауып, баға  берген сөздері жазылған үлестірмелерді жабыстырады

1.Асан қайғының жерұйықты іздеу мақсаты , арманы не?

2. Барған жеріне қонымды баға беруінің мәнін қалай түсінесіңдер?

3. Кім Асан қайғы сияқты тұрған жерлеріне баға бере алады.

Оқушыларға бағыт береді.

3.Жартылыстану пәнінің мұғаліміне сөз беріледі Жартылыстану мұғалімінен Асан қайғы жүріп өткен жерлер туралы мәлімет беруді сұрайды.

 1.Оқушылар өз жауаптарын береді. 2.Оқушылар картаға қарап Асан қайғы жүрген жерлерді іздеп, тиісті үлестірмелерді жабыстырады, себебін Асан қайғының берген бағасымен, айтқан сөзінен дәлел келтіреді.

5 мин.

V Қорытынды

«Венн диаграммасы»

Ертегі мен аңыз әңгіменің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін жазуды сұрайды.

 

 

«Венн диаграммасы» арқылы әр топ мүшелеі аңыз бен ерегінің ерекшелігін және ортақ белгілерін ажыратып жазады.Тақтада кестені толтырады

 1 мин.

VІ Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы бойынша түсінік жұмысын жүргізеді, бағыт береді. Тұрған жерлеріңе баға беру. Асан қайғы туралы қосымша мәлімет тауып, жазып келу

Күнделіктеріне жазады. Үй тапсырмасы бойынша  сұрақтарын қояды.

2 мин.

VІІ Бағалау

Кері әсер парағы

Әр топ мүшесі жинаған смайликетері бойынша  топ басшысы бағалауын тапсырады.Стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша нені игергендерін, нені білгілері келетіндерін жазып қалдыруларын сұрайды.

 

Тақтада ілінген кері әсер парағына өз пікірлерін, нені білгілері келетіндерін, сабақ бойынша қорытынды ойларын жазып қалдырады.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

 

 

 

 

 

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 1.48 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 132

Похожие материалы