Ашық сабақ 9 сынып

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

открытый он- лайн урок по казахскому языку

Менің сүйікті ақыным

Жоспар

1.       Абай атамыз болашақ ұрпақ үшін

2.       «Абай –дана, Абай –дара»

3.       Менің ойым

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

 

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?

Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады.

Ақынның қайтыс болғанына елу жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында акын онымен бірге болды - ал мұндай акын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.

    Халқының күресі мен азабын, тағдырын өз үлесіне алған ақынның есімін біздің әділетті совет халқы аса қастерлейді. Абайдың қайтыс болғанына елу жыл толғанын атап өте отырып, біз ақынның уақыт сынынан мүдірмей өткен ұмытылмас, қымбатты және ұлы мұрасын еске аламыз.

Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен, шығармаларының аттары ғана сақталған. Мысалы, сүйікті қызы Тоғжанға арналған өлеңдерінің тек бастапқы жолдары ғана белгілі, жас Абайдың ақын қыз Қуандықпен айтысуының ауызша мазмұны ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу, сызу нашар дамыған болғандықтан бізде

Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге музыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар мелодиялар шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлендеріне («Сегіз аяқ», «Алты аяқ», т. б.) арналған еді. Ол өзінің «Евгений Онегиннен» жасаған үзінді аудармаларына да осындай мелодиялар шығарған. 1887-89 жылдарда Пушкин есімі және оның геройлары Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақтың эпикалык поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті.

Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, му¬зыкант Абай халық жақсы білетін әрі аса қадыр тұтатын кісі болады. Оған тіпті алыс жерлерден ақындар, музыканттар, жыршылар келеді. Даңқты Біржан, соқыр ақын Ажар, Қуандық, Сара және басқалар оның өлеңдерін бүкіл кең далаға таратады.

 

   Менің ойымша Абай атамыз  ауыз әдебиетіндегі сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін тереңдетіп, жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді. Абайдың көптеген өлеңдерімен сол кезде біз үшін қаншама «Қара сөздерін» жазып, қалдырған. Қазіргі уақытта оны оқи отырып, ойланып отырсам, қаншама тәрбие тәлім беретін сөздер жазған. Менің ойымша әр ұлттың өз тәрбиесі болады, сондықтан да біз мұсылман тәрбиесін қанымызға сіңіріп, болашақ ұрпақтарға тарату біздің борышымыз деп ойлаймын.

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 9.24 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 133

Похожие материалы