Ашық сабақ информатика пәнінен. "Мәтіндік редактор. Кестелер. Кестелерді құру." (6 сынып)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Мухышева Гульмира Мирашкызы
|
Арқалық қаласы,
М.Әуезов атындағы №5 мектептің
информатика пәнінің мұғалімі
Мұхышева Гульмира Мирашқызы
Математика, физика және информатика апталығының ашылуына байланысты
9-10 сыныптар арасында өткізілетін сайыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тексеріп, сайыс кезеңіндегі берілген тапсырмаларды орындап, нәтиже алу.
Дамытушылық: Компьютерде программамен жұмыс жасауда әр түрлі амал-тәсілдер арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, алған білімдерін еркін қолдана білу.
Түрі: сайыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, тапсырмалар жинағы, дербес компьютер.
Барысы:
Жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға – деп айтқандай қазіргі заманда компьютерді меңгеру әр адамға қойлып отырған талап. Компьютер ол қазіргі заман құралы. Оның көмегімен барлық нәрселер орындалып жатыр. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылықты жоғарлату жұмысы жүргізіліп жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы білімді, тәрбиелі, ой – өрісі кең, жан-жақты, 3 тілді жетік меңгерумен қатар компьютерлік сауаттылығы жоғары болуы керек. Ендеше аз болса осы сайыс арқылы білімізді толықтырайық.
Шақырамыз, келіңіздер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салыңыздар ортамызға,
Ал қанекей шығыңыздар сайысуға – деп командаларды ортаға шақырамыз.
Командалармен таныстық, енді сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
Әлемді елестетіп көзімізге,
Әрлендіріп бал қосайық сөзімізге.
Турасын шешіп, тауып айтар,
Әділқазыларды шақырайық төрімізге.
(Әділқазылар мүшесімен таныс болу)
Шын жүйрік шабысымен табылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазылар ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғады – деп сайысымызды бастаймыз.
Информатика болашаққа бастайды,
Компьютер ортаға сұрақтарды бастайды.
Биссимила деп ой қозғауды бастайық,
Сұрақтарға жауап беріп тастайық.
Кім бірінші жауап берсе, ол ұпайды иеленеді. 1 сұрақ 10 ұпайдан.
1.Информатика дегеніміз не? Есептеуіш техникалық құралдармен деректерді құру, сақтау, қайта орындау, өңдеу және тасымалдау, сондай-ақ оларды басқару әдістері мен сол құралдардың жұмыс істеу принциптерін жүйелейтін техникалық ғылым.
2. Ақпарат дегеніміз- : Анықталмаған толық емес білімі бар дәрежесін төмендетіп көрсететін қораған ортаның нысандары мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен олардың қалып күйлер туралы мәліметтер.
3. Ақпатараттың өлшем бірлігі: Бит, байт.
4. Санау жүйесінің неше түрі бар? 2 позициялық, позициялық емес.
5. Компьютерден қанша қашықтықта отыру керек? 70 см
6. Информатика сөзі қашан пайда болған?ХХ ғасырдың 60ж
7. компьютердің негізгі құрылғылары? Жүйелік блок, монитор, пернетақта.
8. Қандайда бір файлды көшіру үшін қандай пернелер комбинациясын орындаймыз? Ctrl+C
9. Қандайда бір файлды қиып алу үшін қандай пернелер комбинациясын орындаймыз? Ctrl+Х
10. құжатты сақтау үшін қандай командалар тізбегін орындаймыз? Файл-сақтау
11. Компьютердің орындалуы арнайы тілде жазылған әрекеттер тізбегі: Программа
12. Компьютерлік салауаттылық дегеніміз: ЭЕМ-ді қолданып, оқу, жазу, санау және сурет салу, сондай-ақ ақпараттарды іздеу әрекеттерін орындай білу.
13. ЭЕМ-да информация қалай белгіленеді?: 0 және 1 сандарымен
14. “Көшіру” командасы қай мәзір пунктінде орналасқан? Түзету
15. … компьютерлік вирус жұғуы мүмкін: Файлдармен жұмыс істегенде.3-кезең. Кім тапқыр? – кезеңі.
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарандаш пен қаламды.
Айыра біл соқпағында өмірдің,
Айыра біл орындарын әріптің.
1-топ.
Терчесвин – винчестер, такедис – дискета, сорцеспро – процессор, енюм –меню, lat - tab, fsthi – shift.
2-топ.
Магрампро – программа, қаншыт –тышқан, ретпьюком – компьютер,дакротре –редактор, ledete -delete, LpsCoack- CapsLock.
4-кезең.Түсін мені кезеңі. Мұнда оқушылар тапырмаларды таңдау арқылы сондағы сөзді бізге қимылмен жеткізеді.
1.ойнап отырған оқушы.
2.компьютерге алғаш отырған адам.
3. тышқан
4.пернетақта
5.дискі
6. наушник
5-кезең. Мен білемін
1.Сайыскерлер тапсырмаларды таңдап оны компьютерде орындайды
1-тапсырма. Жұмыс үстелінде Компьютер атты жаңа бума құрыңдар. MS Word бағдарламасын ашып, өз тобыңның атын жаз. Оның қаріпін, түсін өзгертіп, безендіріңдер. Бетті шиектеңдер. Дайын болған құжатты компьютер бумасына сақтаңдар.
2-тапсырма. Жұмыс үстелінде Компьютер атты жаңа бума құрыңдар. MS Power Point бағдарламасын ашып, өз тобыңның атын жаз. Сөзге және бетке анимация жасап, безендіріңдер.Дайын болған құжатты Компьютер бумасына сақтаңдар.
Осы кезде капитандар арасында жарыс өтеді, олар информатика пәніне байланысты сөздерді айтып керек.
6-кезең. Үй тапсырмасы. Үйге «Компьютер әлемі» атты тақырыпта газет шығару берілген. Сол газетті әр топтан бір оқушы шығып сөйлетуі керек.
7-кезең. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Мұнда тортарға әріптер таратылады сол әріптерге қатысты жауап беруі керек.(М,Қ,А,Ө,Ж,С)
1.Сіздің үйде компьютер бар ма?
2.Компьютер неден құралады?
3.Ақпарат деген не?
4.Компьютер бұзылып қалса не істейсіз?
5. Принтер қағаз шығара ма?
6.Сабақта ойын ойнап отырганда мұғалім келіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
7.Сіз ақпаратты қайдан аласыз?
8.Сіздің электрондық почтаңыз толып қалды. Сіз не істейсіз?
9.Бақылау жұмысын берсе сіз оны біреуден көшіресіз бе?
10. Сіздің ойыңызша сайыс қалай өтті?
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Қорытынды сөзді әділұазылар мүшелеріне береміз.
Қорытынды: Сайыс соңында әділқазылар сөз сөйлеп, сайыстың нәтижесін айтады. Жеңінпаз топ мақтау қағазымен марапатталады.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 15.36 Mb |
Количество скачиваний: | 6 |