Ашық сабақ жоспары: Синонимдер
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
19811981 Жазира Даукеновна
|
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;
ә) дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
б) тәрбиелік – туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ - жауап, ізденушілік, зерттеушілік іс - әрекеттері, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: синонимдер сөздігі, суреттер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назар аударту.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Омонимдер туралы қайталау.
- Омонимдер дегеніміз не?
- Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы неде?
2. 68 - жаттығу. Әзіл өлең құрастыру. Өлең шумақтарында міндетті түрде омоним болуы керек.
Жаңа сабақ:
Әр бағанадағы сөздерге сұрақ қойып, бір - бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып, синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығару және оны кітаптығы ережемен салыстыру.
Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады. Синонимдер мынадай белгілерге орай топтастырылады:
- Балалар, өзіміз көріп отырғандай, тақтада жігіт пен таудың суреті берілген. Оларды бір - бірімен салыстырып көрейік. Аласа бойлы жігіт, бойшаң жігіт; биік тау. Осы сөздерді биік жігіт, бойшаң тау деп қолдануымызға бола ма екен? (оқушылар өз ойын айтады)
- Сонда, балалар, бұдан түйетініміз, синонимдердің өзін де дұрыс мақсатқа сай қолдануымыз керек екен.
Жаңа сабақты пысықтау:
1. Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойыны.
Бұл кім?
Бұл не?
Ұстаз, мұғалім, оқытушы
Адам, кісі. жан, пенде
Ер бала, жігіт, ұл
Қарт, кәрі, қария
Нәресте, сәби, бөбек, бала, перзент
Тамақ, ас, тағам, дәм
Қандай көңіл күй?
Қуану, шаттану, мәз болу
Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу
2. Оқулықпен жұмыс.
70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
1 - қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс, тума, ағайын, туған - туыс, жекжат - жұрағат, жамағайын/
2 - қатарға «Данышпан» сөзі /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/
3 - қатарға «Азайту» сөзі /Алу, кеміту, шегеру, қысқарту/
3. 71 - жаттығу. Мәтінді оқып шығып, ондағы ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін табыңдар.
Ғажап – ғажайып, керемет, керім, таңғажайып;
Шақ – кезінде, уақытында;
Қараулық – әділетсіздік;
Уәде – уағда, серт, ант;
Айла – амал, тәсіл;
Жан – адам, кісі, пенде.
4. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері А. Байтұрсыновтың өлең шумақтарынан үзінді беріліп, ондағы синоним бола алатын сөздерді табу жұмысы орындалады.
Талапты жастың бірі – сен бір балам,
Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.
Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,
Ел - жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Талапты – ізденімпаз, ынталы, талапшыл;
Ажырау – айырылу, бөліну;
Ел - жұрт – жұртшылық, көпшілік;
Туысқан – туыс, ағайын, тума, туыстас.
5. Сергіту сәті. Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты, Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті балаларының барлығы бір үйде тұрыпты. Олай болса сертіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлына және 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық.
(Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем, Ару)
Сабақты қорытындылау: Тест жұмысы.
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
4. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі
Үйге тапсырма: 71 - жаттығу
Оқушы білімін бағалау: Сыныпта белсенділік танытып, тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.8 Kb |
Количество скачиваний: | 35 |