Ашық сабақ "Композицияда қозғалысты бейнелеу тәсілдері" 4-сынып

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту.Тақтаға қозғалыстағы композицияны щығару арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады.
- Бұл не? Бугінгі сабақ не туралы болады?
- Суретте не бейнеленген? Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз қозғалысты зерттейміз.Жаңа тақырыбымыз «Композицияда қозғалысты бейнелеу тәсілдері» деп аталады.Мына суретте қозғалыссыз адам бейнеленген.Мұндай композицияны тепе-тең деуге болмайды.Ендігі композицияда адам парақтың сол жағынан оңға қарай жүгіріп барады. Композицияға қарап біз тыныштық қалпын сезінбейміз.Себебі бейнеленген дене қозғалыста және оңға қарай жүгіретін орын бар.Егер парақтың ортасына қозғалыстағы денені бейнелесек, тепе – теңдік сақталғанымен композиция әсерсіз әрі қозғалыс нашар беріледі.Сондықтан 1.Дененің қозғалысын көрсету үшін оның алдына бос кеңістік қалдыру керек.Енді жоғарыдан секірген адамды бейнелеп көрелік.Ол үшін денені диоганаль бойынша орналастыру қозғалыс әсерін күшейте түседі.Егенр денені төменгі оң жақ бұрышқа орналастырсақ, онда денені суға немесе жерге түскен сәтін бейнелейсің.Денені парақтың дәл ортасына бейнелеу ең сәтсіз композиция болады.Өйткені дене қозғалыссыз қатып қалғандай әсер береді.

2. Диоганальді құрылымдар композицияның динамикалық әсерін күшейте түседі.
3. Солдан оңға қарай бағытталған қозғалыс жылдамырақ болып көрінеді.

1.Дәптермен жұмыс.
Оқытудағы сөздерді жазу.
Қозғалысты білдіретін композициялар – динамикалық композиция болып табылады.

2.Суретшілер шығармаларын талдау.
Әр топ берілген шығармаларда суретші қандай әдістерді қолданғанын талдап шығады.

3. Тәжірибе жұмысы.
Әр топ берілген тақырыпқа композиция құрады.
Тақырыптар «Шаңғы тебу», «Футбол», «Баскетбол», «Жүзу»

4. Құрылған композицияны қорғау.

Тірек сызба арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімін тексеру.

Біздер бүгін нені бейнеледік? Қағазға бейнені қиғаш орналастыру

Динамика деген не? Бос кеңістік


Денелердің қозғалысын бейнелеу
үшін оның алдына не қалдырамыз? Қозғалыс әсерін күшейтеді

Диоганаль орналастыру дегеніміз не? Қозғалыс

Қандай бағыттағы қозғалыс
жылдамырақ болып көрінеді? Композициядағы қозғалысты
бейнелеу әдістері

Диоганальді құрылым композицияға
қандай әсер береді? Солдан оңға қарай

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.36 Kb
Количество скачиваний: 67
Просмотров: 279

Похожие материалы