Ашық сабақ Әліппе тақырыбы: "К к дыбысы мен әрпі" ( 1 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Дарменова Дамежан Дарменовна
|
№ 4
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысы мен әрпін таныту. К дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге дағдыландыру. Есте сақтауға үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік мәні: 1. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
2. Ұқыпты, жинақылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Әдісі: Түсіндіру, оқыту, сауат ашу.
Көрнекілігі: суреттер, әріп, кесте, буындар, оқулық.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру
II. Өтілгенді тиянақтау ( Ее )
III. Жаңа сабақ
Психологиялық дайындық.
- Балалар мен жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңдар:
Қызықтап күнде сен
Суретін көресің,
Оқисың одан сен
Ертегі, өлеңді. Ол не? (кітап)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұын шашады. (күн)
- Өте дұрыс. Енді осы күн, кітап сөздері бізге таныс емес қай дыбыстан басталады?
- К.
- Дұрыс. К дыбысынан басталып тұр.
- К (кі) дыбысы қалай айтылып тұр?
- К дыбысы қысылып, таңдай арқылы айтылады.
- Демек онда К дыбысы дауыссыз қатаң дыбыс.
Бүгін біз К дыбысы және әрпімен танысамыз. К дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан шартты белгісі көк түс. Қане, қайталаймыз: К к к.
К к дыбысының таңбасымен таныстыру. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.
Оқулықпен жұмыс. Сөздер тақтаға ілінеді. Кеме, кит, көбелек сөздеріне дыбыстық талдау жасалып, түсіндіріледі. Сөздер буынға бөліп хормен оқытылады.
Ке – ме, те – рек, ме –ре – ке, ке – бе – же,
ке – се, ше – лек, бе – ре – ке, те – ке – мет.
Оқушылардан кеме туралы не білетіндерін сұрау. «Кеме» мәтінін оқып беру. Әр қатардан оқушыларға оқыту.
Сергіту сәті.
«Жоқ буынды тап» ойыны
Ке..... мек... ше....
Кес..... ең.... те.....
Осы сөздерден 3 сөйлем ауызша айытқызу.
Дәптермен жұмыс.
К әрпін ауада жазып көрсету. Тақтаға жазып көрсету .
Дәптерді дұрыс көлбей қою, дұрыс отырып әдемі жазу.
Қорытынды бөлімі.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз.
- Күз сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- К.
Күз мезгілі туралы әңгімелету. Күзде еңбектің қызу жүргізілетіні, қысқа дайындық болатыны айтылады.
Еңбек туралы мақал-мәтел айтқызу:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Күш білімде. Және т.б.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға әдемі көбелектер тарату. Мадақтау.
IV. Қорытынды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.56 Kb |
Количество скачиваний: | 46 |