Ашық сабақ: Қонақ күту-салтымыз

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақ мақсаты: Қонақ күту-қазақ халқының дәстүрлерінің бірі екенін, ол адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенің түсіндіру.Қонақ күтудің  ерекшелігін , оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатынасын түсіндіріп, «қонақжайлық»,

«меймандылық»деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Қонақ:Қонақты күту рәсімі.Адамдар арасындағы сыйластық.Халықтың қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрі.

Тірек білім:Отбасы.Ата-ана мен ержеткен бала арасындағы қарым-қатынас.Өмір тәжірибесі.

       Көрнекілік:Мазмұнды сурет, плакат, тест, көрініс.

       Әдісі:Сұрақ-жауап, әңгіме, өздік жұмыс.

       Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Балаң жақсы болса...

А)Екі баладан мазмұның сұрау.

Ә) Үш балаға тест беру

Б) Өткен сабақты қорытындылау мақсатында  мақал-мәтелден жарыс.

  Жеңімпаз топ алдында еліміздің Туы желбірейді.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Кіріспе:

-Мен «бізге қонақтар келе жатыр» деп бекерге айтқан жоқпын.Бүгінгі сабағымыз-

«Қонақжайлылық» деп аталады.

-Дәптерімізді ашамыз,тақырыпты жазамыз.

-Қонақ дегенді тағы қалай атауға болады?

-Мейман.

-Қонақ деген кімдер өзі?

-Үйге келген кісілер.

-Оларды шақырамыз ба?

-Иә.Шақырылмай да алыстан ағайын-туыстар келеді.

2.Суретпен жұмыс

Тақтада қонақтар жайлы сурет.Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.

3.-Жақсы,балалар,қонақ әртүрлі болады екен.Мынаны оқиық (Тақтадағы плакатта жазу.Екі бала дауыстап оқиды).

Қонақтың мынадай түрі бар:

1.Арнайы қонақ. Алыстан арнайы келген  жақын туыс,сүйікті дос,жақсы жолдас.

Бұл – сыйлы қонақ.

2.Құдайы қонақ. Өзің танымайтын, білмейтін,шалғай елден жолаушылап жүріп ат

 

басын тірей қалған бөгде қонақ. Бұл-сауап қонақ.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.49 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 124

Похожие материалы