Ашық сабақ Отан Жақан Смақов
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Абдишева Бактыгуль Шыныбайкызы
|
Сабақтың тақырыбы: Жақан Смақов «Отан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға Отан туралы түсінік беру.Отан өзінің тұратын жері ретінде түсіндіру.
Дамытушылық. Оқушылардың туған елі,Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,сөздік қорын молайту,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды Отанын сүйетін, патриот болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап,түсіндіру,ой шақыру,
Көрнекілік: интерактивті тақта
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Салем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
2. Үй тапсырмасын сұрау
-Балалар үйге қкндай тапсырма берілді? Қартқожаның туған жері
- Мәтін не туралы?
-Осы мәтіннен кешкі ауыл көріністерін айтып беріңдерші?
- Қартқожаға кешкі ауыл суреті қалай көрінді?
- Өрістен қайтқан мал туралы не делінген?
- ауыл адамдар ы қандай қарбалас үстінде?
- Қартқожаға нелер қатты әсер етті?
- Ол өз туған жерін жақсы көрді ме?
- Өз туған жерін сүймейтін қандай адам?
( санасыз, ақылсыз, ақымақ, жетесіз,,зердесіз адам)
- Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Туған ел, туған жерсіз адамның күні жоқ.
- Балалар, «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенді қалай түсінесіңдер?
- Туған ел, туған жер деген сөздер адамның жүрегіне жылы әсер етеді.
- Туған елін, өскен жерін сүю әр адамның парызы.
- Әр адам туып өскен жерін аялайды, қастерлейді, қорғайды, мақтан тұтады
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.76 Kb |
Количество скачиваний: | 57 |