Ашық сабақ "Тарихи ән-күйлерді оқыту"

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Тарихи ән – күйлерді оқыту.

Сабақтың мақсаты: Білім беру: Оқушының ырғақты сезіну , есту , орындау және тыңдау , музыкалық қабілетін дамыту. Халқымыздың бай мұрасы ән мен күйдің шығу тарихымен танысу, табиғаттың сұлу көрінісімен байланыстыра отыра оқушының білім-таным қасиеттерін дамыту. Тәрбие беру: Халқымыздың музыка өнеріне оқушылардың сүйіспеншілігін оята отырып , әсемдікке , сұлулыққа деген сезімдерін арттыру. Халқымыздың музыкалық өнерінен эстетикалық ләззат алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ ( музыка,сурет, тарих)

Сабақтың көрнекілігі: табиғат көрінісін бейнелейтін плакат, «Елім-ай» әнінің шығу тарихын суреттейтін плакат, тест жұмысы, нота белгілері, музыкалық аспаптар, үнтаспалар;

  • 1.Тарихи ән-күйлерін үйрену.
  • 2.Елім- ай әнін үйрену, орындау.
  • 3.Құрманғазының« Кішкентай» күйі. ( тыңдау)
  • 4.Менің Қазақстаным. ( орындау)

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар алдыңғы сабақтағы «Табиғат туралы ән-күйлер » тақырыбы бойынша тыңдаған Құрманғазының « Сарыарқа» күйімен сыныпқа орналасады.

Дауыс жаттықтыру.

  • -Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыптағы ән- күйлерді өттік.
  • -Табиғат туралы.
  • -Балалар, қазақ жерінің табиғаты өте бай , биік таулары , көк майса шалғыны , сылдырап ағатын өзен-көлдері өте көп. Табиғаттың осындай көрінісін күйшілер күмбірлеген күй, әншілер асқақтаған ән, жыршылар әсем жыр жолдарымен суреттеген.

Халқымыздың ұлы күйшісі Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдадық.Ұлы ақын Абай атамыз табиғаттың сұлу көрінісін « Желсіз түнде жарық Ай» әнімен суреттей білген. Ән - күй сөзін плакаттан оқып орындаймыз. Әннің биік - төмендігін қолдарымен көрсете орындайды.

Күй табақты қосып Сүгірдің «Аққу» күйін тыңдай отырып табиғатты әркім өзінше суреттейді. Күй аяқталған соң ең әдемі суретті таңдап ол бағаланады. Махамбет өлеңін оқып жаңа тақырыпқа көшеміз. «Ақтабан шұбырынды» жөнінде әңгімелеп , бір кезде қазақ жерінде Жоңғар шапқыншылығы болғанын, қазақ халқы елінен жеріне айырылғанын айтып , сол кезде «Елім-ай» әні пайда болғанын айтады. Балалар оқығанын елестете отырып әнді орындайды. Қыздар әуенді «А» дауысын жоғары дауыспен , ал ұлдар төмен дауыспен орындайды. Осындай қиын қыстау кезде елін-жерін қорғаған батырлар көп болған. Махамбет Өтемісұлының азаттық жолындағы көтерілісіне арнап Құрманғазы «Кішкентай» күйін шығарды. ( күй тыңдалады)

Сабақты бекіту:

-Балалар біз қандай ән үйрендік?

- Құрманғазы атамыздың қандай күйін тыңдадық?

- Ел басынан өткен тарихи оқиғаларды суреттейтін ән-күйлерді қалай деп атаймыз?

Сабақты қорытындылау

Тест жұмысы.Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма : « Елім – ай» әнін орындап келу.

Оқушылар орнынан тұрып « Менің Қазақстаным» әнін орындайды.

Тәжім етіп ұстазбен қоштасып сыныптан шығады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.67 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 114

Похожие материалы