Ашық сабақ "Әйтеке бидің шешендігі"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақ тақырыбы:

Әйтеке бидің шешендігі.

Жалпы мақсат:

Әйтеке би туралы білімдерін кеңейту; Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, мағынасын түсіну, өмірмен байланыстыру. Өткенді қайталап, үш бидің шешендік сөздерін оқып,  қорытынды жасау.

 

Сілтеме:

1.    Оқулық, дәптер

2.    "Мың бір мақал,мың бір жұмбақ"  1992ж

3.    Билердің  портреттері, нақыл сөздері

 

 

Оқушылар үшін оқу нәтижесі:

Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып, негізгі идеясын ұғу. Төле мен Қазыбек билердің сөздерін еске түсіріп, талдау жасай білу. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер оқу, жазу.

Түйінді идеялар:

Басқаларға үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз.

                                                                        Л. Сенека        

 

Тапсырма көздері:

 Топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграмма, Эссе.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Сызбалар,  билердің  портреттері, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Оқыту әдісі:

СТО

Тапсырмалар:

Сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс

 

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

Оқушының іс-әрекеті:

Топпен жұмыс жасау,  Топқа берілен тапсырманы бірлесе отырып орындау

     

 

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, топқа бөлу. (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

1Сыныпта психологиялық ахуал туғызу

 

 

 

 1.Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтты.

 

 

Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр оқушы  тақтадан өздеріне ұнаған бір парақша  қағаз алады.  Артында бидің аты жазылған. Мысалы: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) . Сол атына сай, топқа отырады.

 

 

 

 

 

 

 Топқа бөлу

І- топ  «Төле би  »

 

ІІ- топ  « Қазыбек би »

 

ІІІ – топ « Әйтеке би»

 

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс әрекеті

-        Үй жұмысы қандай болды? – Не берілді?

 

Оқушылар үйде жаттаған Қазыбек бидің сөзін айтып береді және Қазыбек би туралы мәлімет жинаған балалар сөз сөйлейді. Реферат жазған балалар қатысады.

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

1.     Жаңа сабақ бойынша Әйтеке бимен таныстыру. Өмірбаяны, шешендік сөзі.

 

 

 

2.Әйтеке бидің шешендік сөзін оқып береді.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар 100 беттегі мәліметтерді оқып, танысады.

 

 

 

Оқушылар іштей оқып, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

1.    Мұғалім әр топқа тапсырма береді: Үш бидің шешендік сөздерін оқып, негізгі ойларын жеткізе білу керек.

 

1 топ: Төле биге қатысты топтастыру жасау (кластер)

2 топ: Қазыбек би

3 топ: Әйтеке би



2.    Әр топ мақал-мәтелдер айтып, мағыналарын түсіндіру керек.

1 топ: Отан туралы

2 топ: Отбасы туралы

3 топ: Бірлік туралы

 

3.    Оқушылар оқулықтан 101 бетте 2 мақалды оқып, мағынасын ашу керек.

 

4.    Әр топқа тапсырма беріледі, қорытынды жасау үшін.

 

1 топ: Отан сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

2 топ: Венн диаграмма құрастыру: Төле би, Қазыбек би.

3 топ: Эссе жазу: «Отбасымдағы сыйластық.»

 

Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Өз білімдерін  ортаға салып, ақылдасып, ақ қағазға  түсіреді. ( флипчарт)



 

 

 

 

 

Оқушылар кезекпен мақал-мәтелдер айтып, түсіндіреді.

 

 

 

Оқушылар оқиды, түсіндіреді.

 

 

Оқушылар топтарында ақылдасып , ойларын жинақтап, ақ қағазға бес жолды өлең құрастырады, Венн диаграмма сызып, толтырады, эссе жазады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, жұмыстарын көрсетеді.

 

 

 

 

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс әрекеті

1 Рефлексия: Сабақтан қандай әсер алдыңдар?

 

Бағалау: 

 Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін жазады

Кері байланыс (сұрақ-жауап)

Өзін-өзі бағалау.  Бағалау парақтарын толтырып, мұғалімге тапсырады.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.46 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 206

Похожие материалы