Ашық сабақтың тақырыбы: «Хан Тәңіріне» саяхат.
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абдимбетова Гульмира Бахитовна
|
Күнделік сабақ жоспары
Сынып 8 «ә»
Сабақтың тақырыбы: «Хан Тәңіріне» саяхат.
Сабақтың мақсаттары:
1. «Төртбұрыштар», «Үшбұрыштардың және төртбұрыштардың аудандары», «Үшбұрыштағы метрикалық қатыстар» тараулары бойынша алған білімдерін есте қайта жаңғырту
2. Логикалық ойлау, есте сақтау, алған білімдерін есептеуде, ауызша есептеуде қолдана білу қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту
3. Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Саяхат сабағы
Сабақтың типі: Жаттығу және қайталау сабағы
Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, ойын технологиясы элементтері.
Оқытудың формасы: Кіші топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: География, тарих
Сабақтың көрнекілігі: 1. Презентация-слайд 2. Жетондар 3. Үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу;
ә) Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау;
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
в) Оқушыларды саяхат жоспарымен, ережелерімен таныстыру;
ІІ. Саяхат жоспары
Хан Тәңірі шыңы Қазақстанның ең биік нүктесі, Орталық Тянь-Шаньның ең әдемі шыңдарына жатады. Үшкір пирамидаға ұқсас мәрмәр шың барлық жерден көрінеді. Бұл шыңға байланысты неше түрлі аңыздар бар, оның басқаша аты Тәңіртау немесе Қантау, соңғы атаудың себебі кешкі күн батқан уақытта шыңның түсі қызғылт түске боялады. Жетімыңдық шыңдардың ең солтүстікте орналасқаны осы Хан Тәңірі шыңы.
Хан Тәңірі шыңына шығу тым қиын, сондықтан альпинистер мен эксремалды туризм ұнататындарға өте қызық. Қазақстанға шыңның солтүстік жағы қарайды. «Хан Тәңірінің солтүстік жарына» шығу көптеген альпинистердің арманы болып саналады.
Хантәңірі шыңы теңіз деңгейінен 7010 метр биікте тұр. Шыңның оңтүстік бөлігі Қытайға, батысы Қырғызстанға қараса, солтүстіктегі бөлігі біздің елге тиесілі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 600.61 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |