Ашық сабақтың әзірлемесі "Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы"

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Алматы – еліміздің оңтүстік астанасы. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді лексикалық тақырыпқа байланысты сөздер, сөйлемдермен таныстырып; сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері арқылы студенттерді қазақша сөйлеп, өз ойын жеткізе алуға бағыттау.
Білімділік: Алматы туралы мәлімет бере отырып, тәуелдік жалғауды пысықтау.
Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу тілін дамытып, логикалық ойлау, есту, көру арқылы есте сақтау қабілетін, мәтінді талқылау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік:Туған жерге сүйіспеншіліктерін арттырып, елтануға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, ой — қозғау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Пәнаралық байланыс:қазақстантарих, орыстілі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, ЭО, слайд, тақпақ, мәтін.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең:
а)Студенттер бүгін бізде ерекше сабақ, ашық сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, сабақта тек қазақша сөйлеуге тырысайық.

ә) Сабақтың мақсатын түсіндіру.

б) Сұрақ- жауап: « Ойшақыру»

- Сендер Қазақстанның астаналарын білесіндер ме? Қандай қалалар?

- Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана.

- Қазақстанның ең бірінші астанасы қай қала? Орынбор
- Екінші астанасы, сыр бойындағы қай қала? Қызылорда

- Үшінші астанасы, әсем қала қай қала? Алматы

- Төртінші астанасы, бас қала қай қала? Астана

- Қызылорданың символы? (күріш)

- Астананың символы? ( бәйтерек)
- Алматының символы? ( алма)

- Қандай алма? ( апорт)

 

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, әсем қала, еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 127

Похожие материалы