Ашық тәрбие сағаты : «Ана тілім - ардағым» атты білімділер сайысы 5 сынып

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

 «Ана тілім - ардағым» атты білімділер сайысы бағдарламасы

 

Сайыс  өту үшін 5 сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топтың аты, өсиеттері, эмблемалары болады.

 

Қазылар алқасы тағайындалып, таныстырылады.

 

          Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеуге, қастерлеуге үйрету.

 

1-топтық аты: «Білімділер»

 

өсиеттері: «Білімділер мен дос бол – тарыққанда ақыл береді. адамшылығыңды біледі»

 

2-топтық аты: «Білгіштер»

 

өсиеттері: «Білгіштермен дос бол –  адамшылығыңды біледі»

 

1-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»(Слайд арқылы)

 

Мақалдың мағынасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады?  

 

1.     Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

 

2.     Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

 

3.     Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

 

4.     Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

 

5.     Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

 

6.     Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

 

7.     Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

 

8.     Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

 

9.     Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

 

10.                       Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

 

2-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»

 

Тіл туралы шығармалар, өлең жолдары оқылады. Оқушылардың өз шығармашылығынан.

 

3-сайыс: «Сөз көркі - мақал» . Сайыскерлер «Тіл» туралы мақал-мәтелдер айтып сайысқа түседі.

 

4-сайыс. «Өзге тілді құрметте, Өз тіліңді ұмытпа». Сайыскерлерге  жұмбақ жасырылады (слайдта көрсетіледі), дұрыс жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде табу керек.

 

Әдемі түнде

 

Мен жүрсем, жүреді бірге (Ай, Луна, Moon )

 

Қабат-қабат қаттама,

 

Ақылың болса аттама (Кітап-книга-book )

 

 

 

... қылыштан да өткір (Тіл, язык, language. )

 

Ашу – дұшпан

 

Ақыл - ...    (Дос, друг, friend)

 

... – зор байлық.(Денсаулық, Здоровье, Health.)

 

Суға салсаң батпайды,

 

Отқа салсаң жанбайды.  (Мұз, лёд, ice. )

 

Бар, жоғын білмейсің

 

Онсыз өмір сүрмейсің. (Ауа, воздух, air.)

 

Ақ сандығым ашылды,

 

Ішінен жібек шашылды. (Күн, солнце, sun)

 

... – білім бұлағы (Оқу, образование, education)

 

Өз еркіне жіберсең,

 

Дүниені бүлдірер. (От, огонь, fire)

 

Марапаттау сәті. Мұнда сайыскерлер қолда бар түрлі-түсті қағаз, бояу тағы басқа арқылы екі топ бірбіріне сыйлық жасап, тілектерін айтып ұсынады

 

       Қорытынды .  Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздарымен марапатталады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ана тілім - ардағым» атты білімділер сайысының анықтамасы

 

21 қыркүйек күні 5 «А» сыныбында «Ана тілім - ардағым» атты білімділер сайысы болып өтті. Оған сыныптағы 15 оқушы түгел қатынасты. Онда оқушылар «Білімділер» және  «Білгіштер» болып екі топқа бөлініп, ең бірінші топтың аты, ұраны қорғалды. Сайыс 4 бөлімнен тұрды.

 

 1-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»(Слайд арқылы)

 

Мақалдың мағынасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады?  

 

 

2-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»

 

Оқушылардың өз шығармашылығынан тіл туралы шығармалар, өлең жолдары оқылды.

 

3-сайыс: «Сөз көркі - мақал» . Сайыскерлер «Тіл» туралы мақал-мәтелдер айтып сайысқа түсті.

4-сайыс. «Өзге тілді құрметте, Өз тіліңді ұмытпа». Сайыскерлерге  жұмбақ жасырылып (слайдта көрсетіледі), дұрыс жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тапты. Сайыс барлығына да ұнады. Соңында  Марапаттау сәтінде  сайыскерлер қолда бар түрлі-түсті қағаз, бояу тағы басқа арқылы екі топ бірбіріне сыйлық жасап, тілектерін айтып ұсынды. Соңында оқушылар рефлексияларын жазып тапсырды

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.51 Mb
Количество скачиваний: 51
Просмотров: 224

Похожие материалы