Қасым Аманжолов. Көктем.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Қасым Аманжолвов 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы 6 қаңтарда әкесі Рақымжан 43 жасында қайтыс болады. Оны анасы Айғанша 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепте, 1927 - 1930 жылдары Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. 1931 жылы Ленинград қаласында орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Денсаулығы жарамағандықтан оқуды тастап, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетінде жұмыс істейді. 1933 жылы Алғашқы өлеңдер жинағы «Өмір сыры» 1939 жылы жарық көреді. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Орал қаласында әскери бөлімде қызмет атқарады. 1935 жылы Алматыға қайтып келіп «Лениншіл жас» газетіне орналасады. Осы кезеңнен бастап оның қаламгерлік дарыны ашылып шығармашылықпен айналысады. Көп оқымаса да зеректігінің арқасында қазақша да, орысша да бірдей жазады. Аманжолов ақындығының үстіне композитор да. Оның «Дариға, сол қыз», «Туған ел» сияқты өлеңдерінің сөзі де, музыкасы да өзінікі. Майданнан еліне оралған ақын сүйген қызы Дарианы іздейді. Соғыстан қайтып келгеннен кейін қатты ауырып содан айыға алмай өмірден өтеді. «Ақын», «Қазақстан», «Сауыншы жеңгей» деген өлеңдерінде еңбек адамдарын биікке көтере жырлайды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.84 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 179

Похожие материалы