Қасым Аманжолов күнтізбелік жоспар
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Ташетова Жанар Хамитовна
|
Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті
Сынып: 11
Өткізілетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов.
Өлеңі «Өзім туралы»
Сабақтың мақсаты:
Қасым Аманжоловтың өмірі мен еңбектерін таныстыру, өлеңіне талдау жасау, шығарма идеясының сабақтастығын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты:
ақын өмірін, өлеңдегі негізгі идеяны таныта отырып, елжандыққа, елін құрметтеуге баулу, асқақ арманмен ерік жігердің бірлігінен туатын өзіне деген сенімді қалыптастыруға үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
– поэзиялық шығарманы қара сөзбен баяндау дағдыларын дамыту.
Мәтіннен көркем сөз тіркестерін теріп алып, оларды қатыстырып сөйлем, шағын мәтін құруға үйрету.
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсінік беру, талдау, жазу, салыстыру.
Көрнекілік:
Ақынның портіреті, үлестірмелі қағаздар,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I – Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, ауа – райын белгілеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II - Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ – жауап арқылы Мұхтар Әуезовтың өмірбаянымен, Абай жолы романына шолу жасау.
III -Сабақтың жаңа тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
IV –Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
Жаңа меңгерілетін сөздер қатарымен таныстыру
ержүрек- храбрый
жан дүние- внутренный мир
мәңгілік өлмес- ангел
таңырқау- презрение
борыш- долг
қоршау- окружение
өшпенділік- ненависть
жаралы жауынгер- раненый солдат
көркем жинақтау- художественное обобщение
замандас- современник
өмірдің мәні- смысл жизни
тізе бүгу- сдаваться
таңдайды- выбирает
артық санайды- предпочитает
V. – Ақынның өмірбаянымен, өлеңімен таныстыру
Қасым Аманжолов-қазақ әдебиетінің аса көрнекті ақыны. Оның поэзиясында азаматтық сарын үлкен орын алады. Ақынның адам жан дүниесін ашуға ұмтылған нәзік лирикасы сыр мен сезімнің тоғысынан жаралған сұлу жырлары.
Шығармашылық өмір жолы.
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қызыл ауылында 1911 жылы дүниеге келген. Әкесінен 5 жасында жетім қалған Қасым 1923 жылы Семейдегі интернатқа қабылданады. 1927 жылы Семейдегі мал дәрігерлік техникумға түседі. Онда үш жыл оқиды.
1938 жылы Қасым «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағын шығарады. Сол жылы майда Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығына арналған мерекеде «Жамбыл тойында» атты поэмасынан үзінділер оқып, зиялы қауымнан жоғары баға алады.
Ал келесі танысатындарың Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы»:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.84 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |