Ата - ананың парызы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:
Сабақтың тақырыбы:  Ата -ананың парызын, өтеу сенің қарызыңМақсаты: 1) бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;2)халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту;3)отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқорлық жасауға,сыпайы,ілтипатты болуға тәрбиелеу;Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер,оқушы партфолиосы.Барысы.Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы«тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі,оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы-адам баласының түп қазығы,алтын ұясы.Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп,ықпалына көніп,осында ер жетеді.Әке-шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі.Әйел-отбасының ұйтқысы.Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.Әке мен шеше-отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.      «Бала тәрбиесі-бір өнер-өнер болғанда ауыр өнер,жеке бір ғылым иусі болуды тілейтін өнер.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек«деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы М.Жұмабаев қалай дәл тауып айтқан десеңізші.Әкең-қазақ,шешең-қазақ, қарағым,Сенде ұлысың мынау дархан даланың,Әр халықта ұлттық намыс деген бар,Оны биік қасиет деп санағын,-дей отырып кезекті «Тәрбие көзі – отбасы» тақырыбындығы әдеби монтажға береміз.   9-оқушы:Адамның 9 жауы бар. Басты жауы-жалқаулық сорлататын жаныңды, Осалдығың-аңқаулығың соқтыратын саныңды. Жасқаншақ болсаң ұры алар қорадағы мылыңды, Жалатқызбас жасықтығың аузыңдағы балыңды. Өтірік айтсаң өңмеңдеп жоғалтасың арыңды, Өсек терсең телмеңдеп суға кетірер салыңды. Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды, Көрінгенге жалақтап бола алмайсың жағымды. Біреуді арбап алдаумен аша алмайсың бағыңды. 10-оқушы:Халқымыз «Аталы сөз-баталы сөз«деп бекерге айтпаған.Ендеше кезекті сөз сайысына берейік. 11-оқушы:Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу-отбасы мен мектептен алған үлгі-өнеге жиынтығының жемісі.1)Ата-бәйтерек, бала - жапырақ 2)Адам ақылымен сымбаттыҰрпағымен қымбатты. 3)Балалы үйдің еңсесі биік. 4)Ұлы бар уйде қуат бар,    Қызы бар үйде шуақ бар. 5)Баланы қақпай өсірсең,не басын жарады,не басыңды жарады. (Топ резюмесін қорғау.Әр топ өздерін таныстырады.) 1.Топ аты 2.Ұраны 3.Топ жасы. 4.Топ білімі. 5.Топ ата-анасы. 6.Топ төс белгісі. «Болашақ білімді жастар қолында«тақырыбында білім сайысы. Әр топқа жеке сұрақтар қойылады. 1-топқа. 1)Балдан тәтті не?(бала) 2)Қара шаңырақ иесі кім?(кенже ұл) 3)Балаға кім сыншы?(ата) 4)Әкеден балаға берілетін зат(мұра) 5)Үйде кім,елде кім қадірлі?(үйде қонақ,қарт,бала қадірлі,елде хан,әкім,ұстаз қадірлі) 6)Үйдегі алтын қазық кім?(ана) 7)Бес дұшпанды атаңдар.(өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ) 8) «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес«кімнің нақыл сөзі?(Қорқыт ата) 9)Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?(2002 жылы 8-тамыз) 10)Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?(14 жас) 2-топқа. 1)18 жасқа толмаған адам(бала) 2) «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім?(Сара Назарбаева) 3)Тәрбие мен білімнің ордасы?(мектеп) 4)Екі адамның бір-біріне деген адалдығы(достық) 5)Қазақстанда қандай білім алу міндетті?(орта білім) 6)Бес асылды атаңдар?(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым) 7)Үш арсызды атаңдар.(ұйқы,тамақ,күлкі) 8) Айтары мол ғұлама, Көп жасаған ғұлама. Әкесі ол әкеңнің, Білер оны сұраған. Ол кім?(ата) 9)Мұсылманның бес парызын атаңдар 10)Үш қуаныш деген не?(алғыс алу,өзіңді көптің іздеуі,ісіңнің өшпеуі) «Біз қандай ата-анамыз?» тақырыбында ата-аналар сайысы. Ата-аналарға қойылатын сауалдар. «Тығырықтан шығу«тақырыбында топ проблемасын анықтау. Жағдаяттық сұрақтарға жауап беру. 1-топқа. 1)Сенің өзіңе жақын адал досың бар,бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы.Сен не істейсің? 2)Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап,адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді.Сен не істейсің? 2-топқа. 1)Сынып жетекшің сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың.Не істейсің? 2)Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып  қоятын оқушы бар.Ол оқушыға деген көзқарасың қандай? Жоба қорғау I топ:Баланың бас ұстазы-ата-ана. II топ:Иманды ұл,инабатты қыз-елдің көркі. (Көрмені қорғау.Қабырға газеті мен оқушы портфолиосын қорғау.) Қорытынды.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 322.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 161

Похожие материалы