Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Ата-ана мен баланың арасындағы махаббат

Мақсаты:

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Ата-анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту;

Оқушы бойына өз-өзіне деген сенімділік қасиетін күшейту.

Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар,суреттер, интерактивті тақта, слайд.

Тренинг бағдарламасы:

1. Таныстыру

2.Бейнебаян

3. Ситуациялық сұрақтар

4. «Қолынан танып біл!». Жаттығу

5. Ана мен бала

6. Өз өнері

ІІІ кезең Ситуациялық сұрақтар

1. Сіздің балаңыз үздік оқушы. Бірақ бүгін «2» алып келді. Сіздің әркетіңіз?

2. Балаңыз үйге мұғалім ұрысты деп жылап келді. Сіз не істер едіңіз?

3. Сіздің балаңыз мектепте тәртіпсіздік жасап инспектордың кабинетінде отыр. Сізді сонда шақырды. Сізді балаңыздың бұл әрекеті қатты ренжітті. Сіз қайтер едіңіз? Не айтасыз?

4. Сіздің балаңыздың сынып жетекшілері жиі ауысады.Бұл жағдайға қалай қарайсыз?

5. Сіздің балаңыз біреумен төбелесіп қалды. Бұл жағдайға жолдасыңыз ашуланып, мектеп әкімшілігін кінәлап, телевидение шақыру керек дейді. Сіз қалай ойлайсыз?

6. Сіз балаңыздың үй тапсырмасын орындағанын тексересіз бе? Кеше қандай пәндерден, қандай тапсырмалар орындауға көмектестіңіз?

7. Сіздің балаңыздың сабақ үлгерімі төмендеп бара жатыр.Оны қадағалауға сізде уақыт жоқ. Күнімен жұмыстасыз. Кеште шаршап келесіз.Балаңыздың өзі сабаққа дайындалып жүрмін, бәрі жақсы деп айтады.Жыл соңында балаңыз барлық пәннен бағасы «3», тәртібі де қанағаттанарлы деп бағаланып отыр. Неліктен былай болды деп ойлайсыз?

8. Сіз балаңызды әртүрлі жағдайға байланысты сабақтан жиі қалдырасыз. Сынып жетекші бірнеше рет баланы себепсіз сабақтан алып қалмаңыз деп ескертті. Бұл жағдайда кімдікі дұрыс деп есептейсіз?

ІV кезең «Қолынан танып біл!». Жаттығу

Ананың кезі бар ма кекті болған,

Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.

Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек:

«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ...

Адамның бауыр еті, жүрегі бала, - демекші көздері байлаулы аналары балаларын тауып алулары керек.

Талдау:

1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

Yкезең. «Ана мен бала».

1. Балаңызға қандай түс ұнайды?

2. Балаңыздың сүйіп тыңдайтын әншісі?

3. Балаңыздың сүйікті тағамы?

4. Қандай пәнді ұнатады?

5. Қандай кино тамашалағанды ұнатады?

6. Балаңыздың сыныптағы досы кім?

7. Қандай қабілеті бар?

8. Үйде қандай жұмыстарға көмектеседі?

9. Үйдегі қандай жумыстарды унатпайды?

10. Балаңызға жол ережесі туралы айтып отырасыз ба?

YI кезең. «Өз өнері». Ата-аналар өздерінің дайындап келген өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды .

«Жүрек жылуы». Баласының ата-анаға, ата-ананың балаға деген тілегі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. -Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Әкем-біреу, анамда біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім,

Олар барда – мереке. Көрген емен,

Қабақтарын шытқанын түнергенін

Әке-білек, саусағы-балалары,

Қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр бойымен бәріне де,

Тіршіліктің жылуы таралады.

Сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.76 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 234

Похожие материалы