"Ата-ана мен жұмыс" (4 сынып)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Әлемде  тестік тапсырмалар  арқылы білім  сапасы  мен  деңгейін  тексеру,   жоғары  технологиялар қатарына жатқызылады.

         Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың   тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз  бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың білімдеріндегі оқулықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Бірақ тесттердің  көмегімен оқушылардың шығармашылық дәрежесін бақылау мүмкін емес. Толық педагогикалық мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тесттерді тексерудің барлық басқа түрлері мен  тәжірибелік, семинар сабақтар, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушылардың нақты даярлық дәрежесін көре аламыз.

         Соңғы жылдары тестік әдіс оқу білімге қатысты  барлық ұйымдарда кеңінен қолданып жүр. Тест дегеніміз не?

Тест арқылы сынауда қандай жаңалық бар? Оның  сұрақтары қалай дайындалады, оны қалай өткізеді, тест арқылы сұраққа қалай дайындалу керек?

«Тест» - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген  мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.

         Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.

         Тест – оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады.

«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің  бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда,  тестің артықшылығы  оның  объективті,  сенімді,  көп  варианттылығы  болып  табылады. Тестің   міндетті  түрде  бірнеше  варианты  болуы  керек.  Бұл  тексеру  кезіндегі   тиімділікті  арттырады,  өйткені   мұнша  тапсырманың   барлығын   жаттап  алу,  есте  ұстау  немесе  көшіріп  алу   мүмкін  емес.  Тест  тапсырмалары  тек  бақылау   ретінде   емес,  оқушыларды  үйрету,  машықтандыру  үшін   де  тиімді.   Педагогикалық  тест арқылы   әрбір  оқушының   білім  деңгейін  нақты   және  тез анықтауға  болады.

         Педагогикалық  тест  нәтижелі  болу үшін  оның  қорытындысын   міндетті  түрде  статистикалық  өңдеуден  өткізу керек.

Педагогикалық  тестіні  құрастыру  күрделі  іс  болып  табылады,  бірақ  мектеп  мұғалімі  тест  тапсырмаларының  комплектісін  жасай  алады.  Ал, тест   тапсырмалары  сабақ  барысында  оқушылардың  білімін   тексерудің  қатаң  формасын  машықтандырады.

Тест  тапсырмасына  қойылатын  негізгі  талаптар  мыналар:

·        Тест  жұмысын  өткізуде   белгілі  бір  уақыттың  болуы;

·        Тапсырмаларды  орындау  үшін  берілген  нұсқаулардың  түсінікті,  айқын  болуы;

Тестілеу -  белгілі  бір  мәндер  шкаласы  бар  стандартталған  сұрақтар  мен  есептер  пайдаланатын  психологиялық  диагностика  әдісі.

Тестілеу  процесін  3 кезеңге  бөлуге  болады:

1.  тестіні  таңдау (тестілеудің  мақсатымен және  тестілеудің  дұрыстығымен  сенімділік  дәрежесімен  анықталады)

2. оны  өткізу (тестіге  берілген  нұсқамен  анықталады)

3.  нәтижелерді   пайымдау (тестілеудің  пәніне  қатысты  теориялық  рауалылықтар  жүйесімен  анықталады)

Үш кезеңнің  үшеуінде де  білікті  психологтың қатысуы қажет.

Тестілер – жеке тұлғалардың  даралық  психологиялық  қасиеттерін,  сондай – ақ  білімін,  білігі  мен  машығын  салыстырмалы  шаралармен  өлшеуге  арналған  стандартталған  тапсырмалар:  психологиялық  диагностиканың  негізгі  әдістерінің  бірі.

Тестілеу – модельдік  жағдайлар  болып  табылады,  олар  арқылы  индивидтің  тән  сипатты  реакциясы  анықталып,  зерделенетін  нышан  көрсеткіштерінің  жиынтығы  деп  есептелінеді.

Тестілер  төмендегідей  ерекшеліктерімен  сипатталады:

1. қажетті  жабдықтау  және  өткізу  рәсімінің  қарапайымдылығы

2.  нәтиженің  тікелей  анықталуы

3.  жеке  және  топтық  жағдайда  қолданылуы

4. математикалық  өңдеуге   қолайлылығы

5. қысқа  мерзілімділігі

6. белгіленген  стандарттың (норманың) болуы

7. ақиқаттылығы

Дегенмен  дәстүрлі  әдіспен  салыстырғанда  оқушылардың білім,білік, дағды  деңгейін  тест  арқылы  тексерудің  өзіндік  кеміліктері  де бар:

1. Нысапсыз  іріктеу  арқылы  жауапты  кездейсоқ  табудың  басым  мүмкіндігі

2.  Әрекет  нәтижесінің  тек  соңын  тексеру

3.  Мұғалімнің  қиын  жағдайда  тап  болуы,  көбінесе  оқушының   логикалық  ойлау  деңгейін  анықтауға  мүмкіндіктің  болмауы.

Яғни,  тестік  бақылау  жұмыстары  оқушылардың  білім  сапасын   тексеруде  негізгі  нысаны  болып  қала  алмайды,  керісінше  ол оқушылардың  білім, білік,  дағдысын   анықтауда  басқа да  бақылау әдістерімен және  нысандарымен  үйлесіп  қолданылуы керек.  Сөйтсе де  тестік  тапсырманы  орындату  арқылы  оқушылардың  өткен  тақырыптар  бойынша  жинақтаған  білім  сапасын  анықтауға  нақты  мүмкіндік  туады. [12. 6 б]

Тестілік  тапсырмаларды  орындату  барысында  мұғалімнің  оқушыларға  тест  туралы  қарапайым  ұғымдарды  түсіндіре  отырып,  тапсырманы  орындау  әдісімен  таныстырып  кеткені де  абзал.

Мысалы,  берілген  белгілі бір  уақытта  үлгеру үшін  оқушылар  №1 сұрақпен  танысып,  егер  сұрақтың  нақты  жауабын білетін  болса  бірден белгілеп келесі  сұраққа  көшіп  отырады,  ал егер  сұрақтың   жауабын бірден есіне  түсіре  алмаса,  уақытын  жауап іздеп  жоғалтпай,  бірден  екінші  сұраққа  көшкені  дұрыс. Осы әдіспен  тестің   аяғына   шыққан   оқушы  жауабын  таба  алмаған  сұрақтарға  басынан  бастап  қайта  оралып,  нақты  жауапты  іздеуге  алғашқыдан   сәл  көбірек уақыт   бөлу  арқылы  шешуін тауып,  тағы да келесі  сұрақтарға  кқшіп отырады.  Міне,  осылай тестілік  тапсырманы  бас  аяғына   дейін  екі – үш рет айналып  шыққан   оқушы   берілген   уақытта  тапсырманы  толық  әрі  сапалы  орындауға мүмкіндік  алады.

Бір  пән  бойынша  берілген  тестілік  тапсырманы  орындауға  бір академиялық   сағат (45 минут)  бөлінеді. Тестілік  тапсырмаларды  сыныптың  барлық  оқушылары   бір мезгілде  әр  оқушы  дербес  орындайды. Тестілік  тапсырмалар  жазбаша  түрде (компьютерлік  нұсқада)  теріліп  әр  оқушыға  беріледі.  [12. 8 б]

ҚР  бастауыш  мемлекеттік  стандарттарында  бейтаныс  мәтінді  оқуға арналған  талап пен  тестілік  бақылауды  ұйымдастыру уақыты  және  оқушының  бір  сабақта  орындайтын  тестілік  тапсырмалардың   мөлшері белгіленген

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.11 Mb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 145

Похожие материалы