Ата-аналарға арналған жиналыс-тренинг. Тақырыбы: "Не ексең, соны орасың"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Дельмухамбетова Манзия Айдынгалиевна
|
Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Бала отбасында нені көреді, соны іліп өз өмірінде қолданады. Кішкентай кезіңде әке-шешеден алған үлгі баланың жүріс-тұрысынан, басқа адамдармен сөйлескен уақытта, үлкен адамдармен қарым-қатынас кезіңде байқалады. Біз баламен ең бірінші кезде сөйлескенде айтамыз: "Ия, бұл бала жақсы немесе жаман тәрбие алған екен" деп. Әрине баланың тәрбиесінде ата-ананың рөлі өте зор. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Осы ұсынып отырған ата-аналарға арналған жиналыс-тренингте мен жиналысты жаңа әдіс-тәсілмен өткізіп көрдім. Өзіме түйіндегенім, ата-аналар өті жақсы қызығушылық білдірді. Біз бұрында ата-аналар жиналысында балаларының бағаларын айтып, сабаққа кешікпеуі туралы, мектеп формасың сақтауы т.б. мәселелерге назар аударатың болатын едік. Жиналыс-тренингте біз ата-аналардың ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын тыңдаймыз, ата-аналарымызды басқа жағынан танитың боламыз. Бұл өте жақсы деп ойлаймын. Бұл әдіс бойынша біз ата-аналармен өте тығыз байланыста болып балаларының тәрбиесінде тәжірибе жинақтаймыз, білімімізді толықтырамыз. Ата-ана да мұғалім де баланы тек жақсы жағынан көргісі келеді және оған ұмтылады. Тек бірігіп жұмыстанып жақсы нәтижеге жете аламыз. Өз мақсатымды іске асыру жолында әртүрлі тапсырмалар, ситуациялық сұрақтар, бейнежазбалар қолдандым. Осы тапсырмалар ата-аналады өте қызықтырды. Осындай тренингтер арқылы көптеген проблемаларды да шешуге болады деп ойлаймын. Тренинг кезінде топтарға бөлінгенде ата-аналар да бір-бірімен жақсы таныса алады, өздерінің бала тәрбиесіндегі кездесетін проблемаларды шешу жолында пікірлерімен алмасуға өте жақсы мүмкіншілік алады. Менің ойымша «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бағдарламасы негізінде ата-аналар жиналысың осы жаңа әдіс-тәсілдермен өткізу жақсы нәтиже береді, себебі жаңалық әрқашанда қызығушылық білдіреді. Өмір бір жерде тұрмайды, өзгереді. Қаншама жаңа технологиялар пайда болып жатыр, жаңалықтар енгізіліп жатыр, біз де жаңалыққа ұмтылуымыз керек, яғни тек жыналысқа неше ата-ана келді, нешеуі келген жоқ деп отырмай осындай жиналыстарға басқа көзқараспен карап, ата-аналардың да пікірлерін тыңдап, ұсыныстарына назар аударып, кай кезде де бірігп жұмыс жасау керек. Себебі біздің болашағамыз- біздің ұрпақтарымыздың қолыңда, сондықтан оларға жақсы тәрбие, сапалы білім беру-біздің парызымыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 4.2 Mb |
Количество скачиваний: | 6 |