Ауада ұшу.Ареометрлер,Су көлігі(7 класс)

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Күні:

Клас:

Сабақтың тақырыбы: Ауада ұшу.( Ареометрлер Су көлігі.)
Сабақтың мақсаты: 
а)Білімділік: Оқушыларға су көлгі, ауада ұшу, ареометр туралы түсінік беру. 
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, өздігінен іздену қабілеттерін дамыту. 
б)Тәрбиелік: Оқушыларды білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: тұз, ареометр, су, шыны стақан, түтікше цилиндр, компьютер, слайд, интерактивтік тақта 
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру. (оқушылармен амандасу, тексеру) 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Енді өткен сабақ еске түсіріп өтейік. 

1. Адамның қан айналымындағы қысымды өлшейтін құрал 
2. Ығыстырушы күшті тапқан грек ғалымы 
3. Грекше физика сөзі 
4. Дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі 
5. Салмақтың өлшем бірлігі 
6. Қысымның өлшем бірлігі 

2. Формула құрастыр. Интерактивтік тақтада формула құрастыру. 
p= , F=pS, S= , p=ρgV, P=mg, Fa=mg, FA=ρVg, F= kx, Fүйк =µN, m=ρV, V= , ρ= 
3. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін еске түсіру. Слайд- шар, асқабақтар 
4. Сурет арқылы денелердің жүзу шарттарын сұрап отырып, тақтаға сурет астына жаздыру 
Денелердің жүзу шарттарын сұрау: 
1) Fа= FA дене батып ішінде жүзеді 
2) Fа >FA батады, түбіне шөгеді 
3) Fa  

Fа= FA дене батып ішінде жүзеді Fа >FA батады Fa  
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 

 Су көлігі 
Су көлігі- энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Ең алғаш желкенді қайықтар б.э.д 3000 жыл бұрын жасалған. Кейін олар пармен жүретін кемелермен толықты. 1903 ж Волгада алғаш рет дизельді кеме жасалды. 1959ж атомдық ледокол «Ленин» Арктикада қолданылды. Қазіргі кезде кемелер күрделі инженерлік құрылғылар, олар суда да, су астында да , үстінде жүзеді. Кеме суда орнықты , қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілген шөгім кеменің корпусында қызыл сызық- ватерсызықпен белгіленеді. Кеменің ватерсызықтан төмен батуы өте қауіпті, бұдан кеме батып кетуі мүмкін. Егер ватерсызық- су деңгейінен жоғары болса, кеме жеткілікті дәрежеде суға батпаса, толқындар оны теңселтіп, аударып тастуы мүмкін. Сондықтан бос кеменің трюмдарына міндетті түрде жүк ( құм, қиыршық тас) тиеледі. Су көлігінің күрделісі- сүңгуір қайықтар. Сүңгуір қайықтар суға батуы кезінде оның суға толатын арнаулы орындары болады. Бұл кезде қайыққа әсер ететін ауырлық күші артады да, ол суға батады. Қайық жоғары көтерілген кезде қуатты сорғылар ауаның көмегімен олардан суды айдап шығарады. Бұл кезде Ға < ҒА ауырлық күші ығыстырушы күштен аз болады да, қайық су бетіне көтеріледі. Су көлігі ауаға, суға жағылған бензиннің зиянды қалдықтарын шығарады, теңізге төгілген мұнай онда мекендейтін балықтарға аса қауіпті. Су көлігінің ең экологиялық таза түрі –сал, желкенді кемелер. 
Ауада ұшу. 
Адам баласы ежелден-ақ суда ғана емес, ауада ұшуға арналған құралдарды жасауды көздеген. Осы мақсатпен ауа шарлары, аэростаттар, дирижабльдер жасалды. Ауа шарлары қабықтан не баллоннан, аспалы жүейден, адам отыратын орыннан тұрады. Ауа шарын алғаш 1783ж француздар ағайынды Монгольфелер ойлап тауып, бұл шарлармен қой, әтеш, үйрек ұшырылды. Адамдар 1783 ж қарашасынан бастап ұша бастады. 1887ж күннің тұтылуын бақылау үшін ауа шарында орыс ғалымы Менделеев ұшқан. Алғашқы ауа шарлары бізді қоршаған ауа тығыздығынан жеңіл жылытылған ауамен толытырылған. Кейін сутегі, гелимен, уадан жеіл газдармен толытырылды. Олар аэростаттер деп аталады. Атмосфераның жоғарғы қабатттарын зерттеу үшін 1930ж старостаттар жасалды., ол 20км дейін көтерілді, оның кешілігі қай жақтан жел соқса, сол жаққа ұшатын, басқарылмайтын болды. Кейін адам басқаратын дирижабльдер жасалды. І-ші, ІІ-ші дүние жүзілік соғыста көптеген елдердің қарулы күштері аэростаттарды қолданды, олар барлау, радиоантенна қызметін атқарды. Қазіргі кезде көптеген зерттеу старостаттары атмосфераны, ауа райын бақылау үшін шар-зондтар ұшырылады. Ауа шарлары жарнамалау ретінде, дирижабльдер аэрофото түсіруге қолданылады. 
Ареометрлер 
Ареометрлер туралы өзім түсіндіремін. Суретін, әрі өзін көресете отырып айтамын. 
Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал ареометр деп аталады. Өзіндік ерекше пішіні бар ареометр түбі кішкене металл кесектерімен ауырлатылған шыны құтыдан тұрады. Құтыдан жоғары жағы тығыздықтың градуриленген шкаласы орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке жалғасады. Ареометр сұйық ішінде тік қалқып жүзе алады. 

Енді осыны тексеру үшін мынадай тәжірибе жасап көрейік. Маған кім көмектеседі. Ареометр көмегімен судың және тұзды судың тығыздықтарын анықтаймыз. (бір-екі оқушыға көрсету) 
Жақсы. Сонымен қорыта айтсақ, майдың сүттің, керсиннің, бензиннің ж.т.б сұйықтықтардың тығыздықтарын өлшеу үшін қолданылады. Балалар бүгінгі сабақ түсінікті ме? Сұрақтарын бар ма? - Онда есеп шығарамыз. 
IV. Жаңа сабақты бекіту: Есеп шығару. Оқулықтың 157 бетін ашыңдар. 31жаттығу №1. Карточка беру. 
Тақтада орындау. 
30жат №1 
Берілгені: талдау: Шешуі: 
V = 25м3 m=ρV m=1000кг/м3*25 м3=25000кг=25т 
ρ=1000кг/м3 
жауабы: 25т 
m - ? 
Тақтада шығарып жатқанда орындарында отырғандарға карточка беремін. 
3. Сурет бойынша есеп тақтада 
Дененің тығыздығы су тығыздығына қарағанда аз болса, оның суға соғұрлым аз бөлігі батады. В дене тығыздығы көп. 
2. Келесі есебіміз 155-беттегі. Эксперименттік есеп 
Біреуіне таза су, екіншісіне тұзды су құйылған екі ыдыс алыңдар. Әр ыдысқа бір-бір картоптан салыңдар. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер 
Жауабы: 
Су тығыздығы 1000кг/м3, тұзды су тығыздығы 1030кг/м3 тұзды судың тығызыдығы жай тазасудың тығыздығынан көп сондықтан картоп тұзды суда батпай қалқып жүреді. 
V. Сабақты қорытындылау. 2 нұсқада тест алу. Өздері бір-бірлерін тексереді. 
1-нұсқа 
1.Темірден жасалған дене суда батады, ал сондай ағаштан дене –қалқып жүреді.Екеуінің қайсысына үлкен FА Архимед күші әрекет етеді? 
2-нұсқа 
1.Кемелердің жүзуі қай заңға негізделген? 
А) Архимед заңы. В) Паскаль заңы. 
1-нұсқа 
2.Егер дене сұйықтыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші қалай орындалады? 
А) Fа= FA; В) Fа >FA; С) Fa  
2-нұсқа 
2. Кірпіш пен темірден жасалған бұйымдардың массалары бірдей. Суда қайсысын ұстап тұру оңай? 
А) кірпішті; В) темірді; С) екеуіне бірдей күш жұмсалады 
1-нұсқа 
3. Атмосфералық қысымды өлшейтін прибор? 
А) ареометр В) лактометр С) манометр D) барометр 
2-нұсқа 
3. Сүңгуір қайық қандай жағдайда су бетіне көтеріледі? 
А) ішіне ауа не газ толтырып алған кезде В) арнаулы резервуарларды суға толтырғанда 
С) резервуарлардан сорғылармен суды айдап шығарғанда D) салмағы артқанда 
1-нұсқа 
4.Кеменің корпусында қызыл сызық не деп ааталады? 
А)кеме атауын білдіреді В) ватерсызық С) су ығыстырылым 
2-нұсқа 
4. Егер дене сұйықтыққа толық батса, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші қалай орындалады? 
А) Fа= FA; В) Fа >FA; С) Fa  
1-нұсқа 
5. Егер дене сұйықтықтың бетіне көтерілсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші қалай орындалады? 
А) Fа= FA; В) Fа >FA; С) Fa  
2-нұсқа 
5.Сұйықтықтың тығыздығын қандай құрал өлшейді? 
А) ареометр; В) лактометр С) манометр D) барометр 

 

1-нұсқа 2-нұсқа 
1 2 3 4 5 
В А D В C 
1 2 3 4 5 
A B C B A 
Баға қою: «5»-барлығы дұрыс, 1,2 қате –«4», 3 қате- «3» 
VI. Үйге тапсырма: §57, 58, 59 оқу . 31жат№.2. Есеп жинағынан № 743. 
Кеме салмағы белгілі, көлемді табу керек. №746-да суреттегі ареометр көрсетуін жазып, майдың тығыздығын өлшегенде қандай шамаға тең екенін жазу. 
VII. Оқушы білімін бағалау: Бағалау. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 49.5 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 194

Похожие материалы