Аулақ бол жаман әдеттен
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Джангалиева Махаббат Джолдыбаевна
|
Сабақтың тақырыбы: «Аулақ бол жаман әдеттен!»
Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете
отырып, ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулып, жаман
әдеттен аулақ болуға,сәлемдесу, қонақ күту,
сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға үйрету.
2. Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа
тәрбиелеу.
3. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
«Шаттық» шеңбері
Шеңберге орналасу, амандасу. – Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізде тұрып, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» демекші бір-бірімізбен амандасайық.
Амансың ба, Алтын күн?!
Амансың ба, Көк аспан?!
Амансың ба, Жер-Ана?!
Амансың ба, достарым?!
Сіздерді көрсем қуанам!
- Енді қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсеткіштеріне байланысты бір-бірін таныстыра өтсін.
Мысалы: Ақылды қыз Аида, аяулы қыз Аяулым, айбатты Айбол, нәзік Назерке, батыр жігіт Бағдат, бақытты бала Бексұлтан, т.б.
Адам бойында жақсы- жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз үйретеді. Ең бірінші осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтінен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Балалар осы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуғат тырысындар.Ал, енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз өлең жолдарымен айтып көрейік.
Бағдат:
Ата - ананың тірегі - адам болып өскені,
Адамдардың тірегі - адал болып өскені
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің - әуре салсаң әлегің.
Нұрсұлтан:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болмақ өзі де
Үлкен болған кезінде.
Ғалым:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді!
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Бекзат:
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісінді.
Нұрбол:
Дастарханның басында
Әдеттен біз озбаймыз
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
Айдос:
Тамақ ішер кезде енді
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз.
Айдынғали:
Ата-ананың тілегі
Адам болып өскені
Адамдықтың белгісі
Адам болып өскенің.
Жанаргүл:
Биязы мінез тіл алғыш,
Бал-бұл жанып жүретін,
Бауырмалдық сол- ? (жақсы)
Назарбек:
Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп,
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді? «Көмектесейін» деу керек!
Аида:
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз!
Жансая:
Ұшып-қонып жүретін,
Шегірткедей жеңілтек,
Ұшқалақ болсаң сол-? ( жаман)
Элеонора:
Үйдің ішін тазалап,
Үстіңе де қарайлап,
Үлгере алсаң сол-? ( жақсы)
Динара:
Ашу деген бәледен,
Алшақ жүріп жанаспай,
Ақылды болсаң сол-? ( жақсы)
Бексұлтан:
Беті- қолың кір-кір боп,
Берекесіз ыржақтап,
Бейбастық өссең сол-? ( жаман)
Аяулым:
- Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен, бұл дейміз!
Жарайсыңдар, балалар! Үнемі жақсы істі үйреніп, жаманға жоламаңдар. Бойымызды аулақ сақтайтын қасиеттің бірі –жалқаулық.
Ән: «Жалқаубек»
Көрініс «Аулақ бол жаман әдеттен»
Айбол:
А.Асылбековтың «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін оқушы жатқа айтады.
-Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
Назерке:
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай мақтанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге ғашық бол
Адам болам десеңіз
Өтірік, өсек, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпанды білсеңіз:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
«Күн шуағы»
Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздарды үлестіріледі. Әр бала тамшыға жақсылық сөздерді жазады. Мұғалім тақтаға тамшыларды ілуді ұсынады. Тамшыны іліп жатқанда әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Көрініс «Әдептілік»
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
• Көріністен қандай ой қорытуға болады?
-Балалар,біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз бір жеңілдеп қалғандай.Енді ыңғайланып отырып алыңдар да, көздеріңді жұмып, терең дем алыңдар.
(Үнтаспадан жай әуен естіледі) Біз «Өзін-өзі тану елінде» жүрміз.
Көз алдарыңа тамаша табиғатты елестетіңдер.Сылдырап аққан бұлақтың жағасында жадырап, біз жүрміз.Айналаның бәрі қызылды- жасылды құлпырған әдемі гүлдер. Тамылжыта ән салған құстар.Ал төбемізден нұрын шашқан алтын күн де қарап тұрғандай. Жер бетіндегі барлық тірі зат бізге: «Жақсы бала бол!» дегендей болады.
Ал енді бір, екі, үш деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
-Балалар біз бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білдік деп ойлаймын. Алдарыңда жатқан қағаздарға жақсылық деген не? жамандық деген не? жеке –жеке парақтарға жазайық та, жақсы қасиеттерімізді, жақсылық сөздерімізді оң жақтағы сандыққа салайық. Жақсылықтың сандығын үнемі қарап оқып,орындап жүреміз. Ал жаман қасиеттерді сол жақтағы сандыққа салып,құлттап қояйық. Сандықтың ашылмуына қонақтар куәгер болсын. Кілті осы қонақтарда болады.«Жамандықтың» аузы ешқашан ашылмасын, сіздерде ашпаңыздар.
Ал мына жүрек сіздерге жан жылуын шашып, тек жақсылық әкелсін.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге тұрып, бәрі бірге өлең шумағын айтады.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 53 Kb |
Количество скачиваний: | 63 |