Ауыл (8 сынып) қазақ тілі
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Сұлташева Ақмарал Қанатжанқызы
|
Сыныбы: 8 «Б»
Мерзімі: 26.01.2015.
Сабақтың тақырыбы: Ауыл.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын байыту және қазақ тілінде
жатық сөйлеуге төселдіру.
Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: тақырып бойынша әр түрлі тапсырмалар орындау,
дейін шылауын қолдануды меңгерту, жаңа сөздерді жаттау,
оларды ауызекі тілде қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық :оқушыларды суретпен жұмыс істеуге,
сөз тіркестерімен өз беттерінше әңгіме құрай білуге үйрету,
өз беттерімен ізднеуге баулу.
3.Тәрбиелік: өз туған еліне, тұрған жерлеріне деген сүйіс-
пеншілік сезімдерін ояту,Отанды, табиғатты аялауға шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: топ суреттер, оқулық, тапсырмалар, ойын, т.б.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Фонетикалық жаттығу.
Ә-қ әрпіне байланысты сөздер айтқызу.
Әже,әтеш, әке,құс,қалам т.б.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
2-тапсырманы оқып, әңгімелеп айту.
III.Жаңа сабақ.
- Көктем мезгілі де жақындап қалды.Көктемде қандай мейрам болады ?
- Наурыз мейрамы .
- Көктемгі демалыста қайда барасыңдар ?
- Кім ауылға барады ?
- Ауылда кімдер бар ?
Балалар, айтыңдаршы «ауыл» деген сөзді естігенді нені көз алдарыңа елестетіңдер ?
лақ
Тау
киіз үй өзен мал
жайлау шөп сиыр қой
-Сендер дұрыс айттасыңдар.Айтылған сөздер мына суретте бар.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ауыл».
Ауылда
мал
Ірі ұсақ
болып екіге бөлінеді.
Қазақта малды төрт түлік деп атайды.төрт түлік малға : жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі
жатады.
Ұсақ мал туралы тақпақ тыңдаңдар да шешіңдер.
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айырылса,
Қоймай , ұзақ аңыраған.
( Қой )
Тастан тасқа секіріп,
Ойнағанын қайтерсің,
Жауын жауса қорғалап,
«Шек» десе де иесі
Болмағаның қайтерсің ...
( Ешкі)
-Көктемде мал не істейді ?
- Мал төлдейді.
- Сиырдың төлі не ? -бұзау.
- Биенің төлі не ? -құлын.
- Түйенің төлі не ? - бота.
- Қойдың төлі не ? - қозы.
- Ешкінің төлі не ? - лақ.
Суреттері көрсетіледі.
Сергіту сәті.
Сөздікпен жұмыс.
Құлын-жеребенок / құлұн /
Бота-верблюжонок
Қозы-ягненок
Лақ-козленок
Бұзау-теленок / бызау /
Кітаппен жұмыс.
1-тапсырмамен жұмыс. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрату.
-Балалар, сендер білесіңдер ме Президентіміз ауыл жылы деп қай жылды белгіледі
2003-2005 ауыл жылы деп белгіледі.
Ойын « Малдар қалай дыбыстайды ? ».
Дәптермен жұмыс.
3-тапсырманы жазбаша орындату.
Малдардың төлін әр түрлі дыбыстар беріп шақырамыз.Бұзауды «аухау-аухау»,
Құлынды «құрау-құрау», қозыны «пұшайт-шұшайт», ботаны «көс-көс».
Қазақ халқында малға байланысты тыйымдар бар.(Малды сүтін төгуге, басуға болмайды)
Бекіту кезеңі .
Сұрақ-жауап түрінде өту.
Қорытынды:
Үйге тапсырма. 2-тапсырманы оқу, аудару. мазмұндау.
Бағалау. .
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 38.5 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |