Авторлық бағдарлама «Өлкетану» 8 сыныпқа арналған

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Түсінік хат


«Балаларға Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды да, жауапты, қадірменді парызы»

Қазақстан Республикасының президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Жалпы білім беретін орта мектептің 8 сыныбына ұсынылып отырған «Өлкетану» курсының бағдарламасы, оқушыларды өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын әрбір адам баласы білуі қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза суы, ата-бабасы мекен еткен жері. Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.

Бағдарлама бойынша 8 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат өткізіледі. Бұл бағдарлама мектепте оқытылатын география пәніне қосымша ретінде жасалған, сонымен қатар факультатив курста өткізуге болады. Бағдарламаға теориялық және практикалық сабақтармен қатар топсеруен, табиғатты бағдарлау жұмыстар енгізілген.

1. Дәріс (дөңгелек үстел) – 22 сағат

2. Экскурсия (Ауыл шежіресі, тарихи-географиялық ескерткіштер ) – 5 сағат

3. Сарамандық жұмыс (Өз елінің шығу тегі, мәдени мұралары т.б тақырыптарда, қосымша материалдармен жұмыс істеу кезінде қолданылады) – 7 сағат


Авторы: Темирбеков Фархат Еркинбекович

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 44.23 Kb
Количество скачиваний: 123
Просмотров: 321

Похожие материалы