Здесь была ссылка на работу "Аялдамада "урок казахского языка 5 класс автора Алтыбаева Роза Бахитжановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
5 сынып Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар. Сабақтың тақырыбы: Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар. Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу; Сабақтың түрі: пысықтау сабағы Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік Пәнаралық байланыс: орыс тілі Күтілетін нәтиже: дауыссыз дыбыстарды меңгеру, аялдама жөнінде өз пікірін айта білу; Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі - Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 2-3 тапсырманы тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ 1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, рөлге бөлініп әңгімелесіңдер. Аялдамада - Сәлеметсіз бе, апай! - Сәлеметсің бе, балам! - Апай, вокзалға қандай автобуспен баруға болады? - Вокзалға ... автобустармен баруға болады. - Балам, сенің атың кім? - Менің атым - ... . 2 – тапсырма. Осы модульдегі жаңа сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құраңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар. Ережемен жұмыс Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлінеді: Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11 Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8 3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у – 7 ІV. Бекіту бөлімі Сұрақтар қою арқылы бекіту. V. Үйге тапсырма 3 – тапсырманы орындау VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау. VІІ. Сабақты қорытындылау