Ақыл сөз, нақыл сөз

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

                                                              Оңтүстік  Қазақстан облысы                                           

                                                                       Сарыағаш қаласы                                                    

                                                «№5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі»                    

                                                                    мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

Ашық  тәрбие          

      сағаты

 

Тақырыбы: «Ақыл  сөз , нақыл  сөз»

 

 

 

 

 

Бастауыш  сынып мұғалімі:Бостанова Гульмара

 

 

 

Мақсаты:  халқымыздың  ата  заманнан  келе  жатқан  ұлттық  салт–дәстүрі  негізінде  адамгершілікке , имандылыққа ,инабаттылыққа  тәрбиелеу;ұлттық   дүниетаным   негіздерін  қалыптастыру,бабалардан   қалған  ұлағатты , ғибрат  аларлық   сөздерді   балаларға  ұғындыру,сол   сөздерден  өнеге  алуға  баулу.

Көрнекілігі:   қанатты   сөздер , мақал – мәтелдер ,сөзжұмбақ , ребус , «Бой  жазу»  т.б.      ойындар.

                                      Барысы.

Ұйымдастыру  кезеңі

1-жүргізуші:Сен  білесің  бе? Біздің  кезекті  сынып  сағатымыз  қалай  аталады  екен?

2-жүргізуші:Кел , «Сиқырлы   кітабымызды»  ашып  көрейік!

Ой , кітап  ашылмады ғой!

1-жүргізуші:Онда  біздің  сабағымызға  үлкен  қария  қонаққа  келмекші.Міне , сол  кісі  бүгінгі  сынып  сағатының  қай  тақырыпта  өтілетінін  айта  келмекші.

2-жүргізуші:Қайда  екен  ол  кісі?Қарсы  алайықшы.

Екеуі  бірге:

Ассалаумағалейкум  әже!

Әже: Амансындар  ма,  балалар !Мен  сонау  алыстан  ат  терлетіп  сендердің  сабақтарыңа  асығып  келдім.

1-жүргізуші:Ақсақал , бүгінгі  сабағымыз  сіздің  келуіңізге  байланысты болып  тұр.Сабақты   қай  тақырыпта  өткізген  дұрыс  деп ойлайсыз?

Әже:Әй,балаларым–ай! Қазір  қиын  заман  болып  тұр  ғой!Кішкентай  балалар  өнегелі  болып  өсуі  үшін  нақыл   сөздерді  үйретсек  қайтеді?

2-жүргізуші:Онда  бүгінгі  сабағымызды   «Ақыл  сөз ,нақыл  сөз»  деп алғанымыз  дұрыс  болар.

1-жүргізуші:Әже  бұл  сабағымыз  мәнді  болу  үшін қалай , неден  бастағанымыз  дұрыс?

Әже:Қане , балаларым ,бәріміз  алдымен  тәрбие  ауылына  барайық.

Тәрбие  ауылы(Көріністер)

1-көрініс

Әкесі  газет  оқып  отыр ,баласы  келеді. Екі қолын  бүйіріне  таянады.

–Әке , доп  ойнап  келсем  қайтеді?

–Бара  ғой , балам!

Балам,  мына  тұрысың  не ,екі  қолыңды  бүйіріңе  таянғаның  не ?

Белді  таянуға   болмайды.Бұл  жаман  ырым.

–Жарайды , әке , енді  қайталамаймын!

–Дұрыс.

Балалар   белді  таянған  жаман  ырым.

2-көрініс

Анасы  киім  тігіп  отыр .Қызы  жүгіріп  келеді.

–Анашым , сіздің  қасыңызға  отыруға  бола  ма?

–Келе  ғой  , күнім!

Қызы  тізесін  құшақтайды.

–Қызым , тізеңді  құшақтама ,бұл  жаман  ырым.Бұрынғы  кезде  ері  қайтқан  әйелдер  тізесін  құшақтап  жылаған.Енді  бұлай  істеуші  болма!

–Жарайды , апа!

Әже:Қандай  тәрбиелі , өнегелі  балалар!

2-жүргізуші:Әже, енді  осы  балалардың  тыйым  сөздерді  қаншалықты  білетіндігін байқасақ   қайтеді?

Ернұр:Отқа  су  құйма  , түкірме, от –  өмір ,  тіршілік  көзі.

Алтынай:Қазақ   түнде  мал ,  адам  санамайды , себебі  басың  кемиді  деп  есептеген.

Әсілбек:Пышақтың  жүзін  жалама, пышаққа  кезенбе , себебі  пышақ  ұзарып  кетеді.

Нұрлыбек:Үйге  қарай , үйді  айналып  жүгірме.

Сая:Айға  қарай  қолыңды  шошайтпа

Ғалымжан : Күлді ,  тұзды  баспа,  шашпа, аяғың  ауырады .

Сұлтан :  Жағыңды,  беліңді  таянба , тізеңді  құшақтама .Тек  қаралы  адамдар  ғана  осылай  отырады .

Бейбарыс : Бас  киімді  лақтырма ,  теппе,  басың  ауырады .

Асхат :  Итті  теппе , итке  су  шашпа , ит  те  жеті  қазынаның  бірі .

 

«Ата   толғауы»  күйі      ойнап  тұрады.

1 – оқушы:

Ата   салты  – ардақты,

Әрбір  сөзі  салмақты.

Сол  сөздерді  ұқпасаң,

Тістерсің   бір  күн   бармақты.

2 – оқушы:

Көп  жасаған  қария –

Ақылы  теңіз –дария

Көп   өнеге  сөзі  бар,

Сөзі  соқпақ , өзі  нәр.

1-жүргізуші:Арман  деген  не?

3 – оқушы:

Арман  деген  –  ақыл-ойдың  шындығы.  Құс  ұшсам  дейді, бала  өссем  дейді,қыз  көрікті   болсам  дейді,жігіт  бақытты   болсам   дейді.Қарт  жүзге  жетсем   дейді,  ұстаз   шәкіртіне   үлгі   болсам  дейді.Арманына    адаспаған  жетеді ,   ақымақ    бұл  өмірден  түңіліп  өтеді.

2-жүргізуші:Бақытты  болу   оңай   ма ?

4 – оқушы:

Ақыл     басыңда   болса , бақыт  жаныңіда  боладды. Ақыл  адамды  азаптан  да , мазақтан  да  құтқарады.Өмірде  шын   бақытты   боласмын  десең ,  ақылдықты   үйрен.

1-жүргізуші:  Дос   табу   оңай  ма?

5 – оқушы:

Өмірде   ақылдыға  дос  табу  қиын  ,  ақымаққа  оңай . Ақылдының  досы  аз ,  қасы  көп , ақымақттың     досы    көп  болғанымен    жақсылығы  жоқ.  Жақсылығы   жоқ   достың   қастығы   аяқ  астында    жатады.

2-жүргізуші: Өмірде  не  жетім?

6 – оқушы:

Өмірде  тоғыз  жетім  бар.

Халқына  сенімсіз  болса – хан  жетім

Ханы  ақылсыз  болса – халқы  жетім.

Кеңесшісі  ақылсыз  болса – әкім жетім.

Суы  жоқ  құдық –жетім

Ұлы  жоқ  әке –жетім.

Қызы  жетесіз  болса  –  ана  жетім.

Досы  жоқ  жігіт – жетім.

Шәкіртсіз  ұстаз –жетім.

Ата-анасы  жоқ  бала –жетім.

1-жүргізуші:Үйде  кім ,елде   кім  қадірлі?

7-оқушы: Үйде  қонақ , қарт,  бала  қадірлі.

Елде  хан, әкім , ұстаз  қадірлі.

2-жүргізуші:Жоқты  бар , ашты  тоқ   ететін  кім?

8-оқушы: Әке  қанша  мейірімді  болса   да  , ананың  жөні  бөлек.Жоқты  бар ,ашты  тоқ  ететін –ана.Анасыз  бала  ұйықтамайды, қатықсыз  айран  ұйымайды.

1-жүргізуші: Елді  кім , үйді  кім  бүлдіреді?

9-оқушы:Елді  өсекші бүлдіреді,үйді  ақылсыз  бала  бүлдіреді.

Әкім  ақылсыз  болса – ел  тозады, өсек  әкімді  өсірмейді.

2-жүргізуші: Үйдегі  алтын  қазық  кім?

10-оқушы:Үйдегі  алтын  қазық – ана.Ана  ақылды  болса , бала  дана  болады. Ана  тәрбиесі  – қызға  үлгі, әке  тәрбиесі – ұлға  үлгі. Ана – ақылшың  , әке – қамқоршың.

1-жүргізуші:Өмір  сүру  үшін  не  қажет?

11-оқушы: Адамның  өмір  сүруі  үшін  су , от, тұз,ақыл  қажет.Су тіршіліктің  нәрін  береді, от  өмірдің  сәнін  береді,тұз   астың  дәмін  келтіреді,ақыл  мәнін  береді.Адам  ақылмен  ағайынды  табады, ақылсыз  адам  ағайыннан  безеді.

«Испан»  биі

2-жүргізуші:Шындықты  не  бұзады?

12-оқушы:Тіл  бұзады.Шындықты  тіл  бұзса , өсекші  көбейеді  ,  не  өсек  көбейеді.Адал  адам  шындыққа  ие  болса ,ақылы  артады.Ақымақ  адам  шындықты  білсе , өсек  қылады.Өсек  ерді  бұзады.

1-жүргізуші:Адамға  ақыл  беретін  кімдер?

13-оқушы: Ата – ана, ұстаз, дос. Ата – ана ақ

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.59 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 206

Похожие материалы