Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады.

Бала ойында қандай болса,  өскенде жұмыста да сондай адам болады».

А.С. Макаренко

Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

Ойын дегеніміз:

1.              балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс –әрекеті;

2.              қызықтыра отырып үйрету;

3.              әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;

4.              баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.

Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: алфавитті және лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.

Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.

Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.

Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:

1.              «Let’s draw a Rainbow!»ойыны.

Мақсаты: түстердіүйрету.

Ойынғақажетқұралдар:түрлі –түстіқарандаштар, кемпірқосақсалынғансурет.

Ойынбарысы: біріншіденмұғалімкемпірқосақсалынғансуреттітақтағаіледі. Оқушылар 7 түрліқарандаштыпартаныңүстінеқояды.

Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суреттікөрсетеді, балаларсолтүстіқарандаштыкөтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!

Сосынмұғалімбалаларғакемпірқосақтағытүстердіреттілігіменестесақтапалуларынауақытбередіде, суреттітақтаданалыптастайды.

Балаларкемпірқосақтысалыпболғаннанкейін, мұғалімсуреттітақтағаіледі. Балаларөзсуреттеріменсалыстырады. Суреттерсалынып, салыстырылғаннанкейін, мұғалімкемпірқосақтыңтүстерінкөрсетеотырыпсұрайды. What colour is it? Балаларсұраққажауапбереді.

Ойынныңұзақтығы: 7-10 минут.

2. «At the Zoo» ойыны.

Мақсаты:can модальдіетістігініңқолданылуынүйрету.

Ойынғақажетқұралдар: әртүрліпартағақойылғанойыншықаңдар.

Ойынбарысы: оқушылардыңбіреуі – экскурсовод, қалғандарыжануарларсаябағынакелушілер. Мысалы, балалараюдыңқасынабарады.

Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.

Келушілер: Can it hop?

Экскурсовод:No, it can’t.

Cосынбасқаоқушыэкскурсоводболадыда, ойынарықарайжалғасады.

Ойынныңұзақтығы: 7-10 минут.

3. Жазуғаүйретуойыны.

Мұғалімтақтағақандайдабірсөздіжазады, мысалы:schoolchildren. Осысөздегіәріптерденсөзқұрастыруыкерек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school жәнет.б. Қайтопкөпсөзқұраса, солтопжеңіскежетеді.

4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалімоқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.

Оқушылар: What colour is her hear?

What colour are her eyes?

What is her nose like?

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 57 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 132

Похожие материалы