Здесь была ссылка на работу Қайнау.Меншікті булану жылуы автора Әбуова Дидар Есенбекқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың аты: Қайнау.Меншікті булану жылуы. Сілтеме: Жоспар. Жалпы мақсаты: Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы ақпарат беру.Меншікті булану жылуының формуласын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы білетін болады. Меншікті булану жылуының формуласын пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.Топпен жұмыс жасай алатын болады. Негізгі идеялар: Сұйықтардың қайнайтын температурасы әр түрлі және меншікті булану жылуына тәуелді. Тапсырмалар: Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс». Жұптық жұмыс «Есептер шығару». Топтық жұмыс «Тұжырымдамалық карта». Жеке жұмыс «Тест». Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысадыІ.Ұйымдастыру 1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу 1.2.Табиғат құбылысына байланысты (күннің тұтылуы,күннің батуы,қардың жабуы,найзағайдың ойнауы) суреттердің әрқайсысын беске бөлу арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз. (2 минут) ІІ. Миға шабуыл (3 минут) 1.Заттың қандай агреграттық күйлерін білесіңдер? (Қатты, сұйық, газ) 2.Затың қатты күйден сұйық күйге өтуі не деп аталады? (балқу) 3.Молекуласы ыдыстың барлық көлеміне таралатын заттың күйі қандай күйге жатады? (сұйық) 4. Сұйық бетіндегі булану не деп аталады? (кебу)