Қазақ ауыз әдебиетіндегі мифологиялық аттар бейнесі. Мақала.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 Мал бағып, жылқы өсірген, өмірінің көп уақыты ат үстінде өткен көшпелі халықтардың мәдениетінде жылқы малының алған орны ерекше.Адамның бұл дүниедегі жан серігі болған аттар оған о дүниеде қызмет ету үшін иесімен бірге жерленетін.Археологиялық қазбаларда табылған материалдар өте ертеден көшпелі халықтарда мініс пен сойысқа арналған табындық жылқылармен бірге жүйріктігімен ерекшеленетін асыл тұқым сәйгүліктерді де өсіргенін көрсетеді. Бұл сәйгүліктерді әулетті адамдар, ру басылары, батырлар ұстаған. Олардың ер- тұрмандары сәнді жасалып, түрлі символдық бейнелермен әсемделеді.Көшпелі халықтар өздерінің жан серігі аттарының ер-тұрмандарын түрлі мифологиялық бейнелермен әшекейлеп қана қоймай, құстай ұшқыр бұл сәйгүліктердің өз суретінде қасиетті бейне ретінде өздері тұтынған түрлі заттарға , тастарға салған.     Қазақтар болашақ батыр туғанда , оның тұлпары бірге туады деп санаған, яғни мифтік қаһарманға оның қанатты  тұлпары аспан әлемінен келген о дүниеге батырмен бірге қайтуы тиіс.

  Қазақтардың да батыр немесе ат иесі өлгенде, мініп жүрген атын тұлдап, кейін асына союы да осы ежелгі түсініктің қалдығы.

  «Абай жолы» романында Бөжей қайтыс болғанда , аттары тұлданғанын үзіндіден қарауға болады:

-Жануар-ай, иең кетіп, тұл қалдың ғой, сен бейбақ!- деп , жақындап келді де күрең аттың кекілін шорт кесті.Содан құйрығынан алып , уыстап тұрып, дәл тірсегінен жоғары келтіре , қалың құйрығын да борт- борт кесіп алды.Қара көк атқа соны істеп, тұлдаған екі атты барлық осы өңірдің өзге жылқысынан бөлек түске кіргізіп, қоя берді.Қара тіккен жерде ас берудің серті айтылды. Мынау тұлданған екі ат келесі жылға дейін мінілмейді.Қол тимей семіріп барып, жыл асқан соң иесінің асына сойылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 90

Похожие материалы