Қазақ әдебиеті пәнінен презентация:"Ыбырай Алтынсарин"(10 "Б"класс)

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Презентации
Автор:

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, аса көрнекті педагог, тұңғыш оқулық авторы. Ол өзінің ақын – жазушылық, педагогтік зор талантын жас ұрпақты жаңаша оқытып, тәрбиелеуге жұмсады. Жаңа үлгідегі мектептер ашуға тырысты.

Ыбырай 1841 жылы қазан айында қазіргі Қостанай облысында дүниеге келеді. Үш – төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожа бидің қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы атақты би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді кісі болған.

Балғожа немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс – қазақ мектебіне күнібұрын жаздырып қояды. Атасының ондағы мақсаты – оқытып, немересін сауатты адам етіп шығару еді.

Мектеп ақыры 1850 жылы ашылып, тоғыз жасар Ыбырай оған қабылданады. 1857 жылы оқуын “өте жақсы” деген бағамен бітіріп шығады. 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.

Ыбырай енді өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Ол ағартушылықты таңдайды. 1860 жылы Ыбырай Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта Ыбырай халыққа мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.

Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. “Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім,” – деп жазады ол профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында.

Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады.

Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 977 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 143

Похожие материалы