Қазақ әдебиетінен 6-сыныпқа арналған тест тапсырмалары

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Тесты
Автор:

Қазіргі тәжірибеде қазақ әдебиеті сабағында тестілеу әдісін қолдану тиімді, пайдалы, әрі нақты педагогикалық өлшемнің бірі болып тұр. Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Бұл әдіс арқылы мұғалім артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге мүмкіндік алады. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді.                                   

Қазіргі таңда тест құраудың түрлі нұсқалары бар:
        • Альтернативті жауап беру. Негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә - жоқ, дұрыс - дұрыс емес), оқушылардың қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді.
        • Көп нұсқаулы жауаптық тапсырма. Оқушы өзі дұрыс деген жауапты белгілейді, таңдайды. Көп таңдаулы тест тапсырмалары мен бірқатар нақты көрсеткіштерді бақылауға, сонымен қатар комплексті білімді меңгеруді тексеруге қолдануға арналған.
        • Кез - келген кестедегі сұрақтарға кестенің екінші бөлігі арқылы сәйкес жауаптар табу. Бұл тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың үлкен тақырыптар бойынша грамматикалық білім деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
         Бұл ұсынылып отырған тест жинағы 6- сынып оқушыларының әр тақырып бойынша алған білімдерін тексеру үшін құрастырылған.Бастапқы мақсаты-оқушылардың қазақ әдебиетінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру.

Кітапшаға ертегілер және Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлихановтың өмір жолын, шығармашылығын қамтыған сұрақтар енгізілген.Кітапшаны әр баланың білімін тексеру үшін пайдалануға болады.

 

  

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 162 B
Количество скачиваний: 99
Просмотров: 276

Похожие материалы