"Қазақ халқы қонақты қалай күтеді" 6-сынып

Предмет: Обществознание
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

6-сынып.Қазақ тілі.

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқы қонақтарды қалай күтеді.

 

Сабақ тың мақсаты:1)Білімділік:оқушыларға қазақ халқы қонақтарды қалай күткені туралы мәлімет беру.Дұрыс сөйлеуге,жазуға дағдыландыру. 2)Тәрбиелік:балаларды сыйластыққа ,қонақжайлылыққа тәрбиелеу.3)Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі:

                                      1)сәлемдесу

                                      2)психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

 

ІІІ.Жаңа сабақ: Қазақ халқы қонақтарды қалай күтеді.

 

Сөздік:

Үй иесі – хозяин дома

жолаушы – прохожий

жалынбай – не просить

қыдыр – гулять

 

1– тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

 

Қонақтарды қалай күтуі

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.

 

2 – тапсырма. Сұрақтар бойынша өзара сөйлесіңдер.

 

1.      Қазақ халқы қонақ келсе не істейді?

2.      Жол жүріп бара жатқан жолаушы қай жерге тоқтайды?

3.      Қонақ туралы қандай мәтелдер білесің?

4.      Үй иесі келген қонақты қалай күтеді?

 

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

 

Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында, саябақтың ішінде, үйдің үстінде, қала сыртында, үстел басында, темір жолдың үстімен, көше бойымен, ауылдың маңында.

ІV.Үйге тапсырма беру.

 

V.Қорытынды .Бағалау.

 

 

 

Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 1.34 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 115

Похожие материалы