Қазақ халқының бейнелеу өнері, тәрбиелік мәні

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Әрбір жеке тұлға бойына жан-жақты білім беріп, әртүрлі мамандық иесі жайлы мағлұмат беру. Тарих пен әдебиет арқылы оқушыға зерттеушілік қабілет жайлы ұғындыру.                                      ә) Дамытушылық. Оқушылардың өзіндік қабілетін  дамытып, келешек өміріне осы кезден бастап ізденіс қалыптастыру.                                         б)  Тәрбиелік. Бейелеу өнері арқылы оқушының туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, имандылыққа, ұлтжандылыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Қорытынды сабақ Сабақтың түрі: Топтық жұмыс түріндегі семинар Сабақтың әдісі мен тәсілі: Талдау, түсіндіру, мәнерлеп өлең оқу, ой қорыту. Пайдаланылған әдебиеттер: Ә.Қастеев, Х.Наурызбаев, Н.Г.Хлудов, А.Ғалымбаева, Г.Ысмайлова еңбектері. «Айқын» газеті. М.Шаханов пен Ш.Айтматов, Т.Молдағалиев А.Бақтыгереева өлеңдер жинағы. Техникалық құрал: интерактивті тақта, слайдтар Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу, өзін-өзі тану Сабақтың нақылы:  Әсемпаз болма әрнеге,                                      Өнерпаз болсаң арқалан.                                      Сен де бір кірпіш дүниеге,                                      Кетігін тап та бар қалан.                                                                             А.Құнанбаев Сабақтың ғылымилылығы: Ақыл көзбен қарасаң,                                                    Дүние – ғажап, сен – есім.                                                    Надан көзбен қарасаң,                                                    Дүние – қоқыс, сен – мешін.                                                                                            әл-Фараби Сыныпты екі топқа бөлеміз:    1) тарихшылар тобы                                                       2) әдебиетшілер тобы Кіріспе Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды сақ-скиф, ғұндар және түрік қағанаты заманынан алады. Ал нағыз кескіндемелік кәсіби бейнелеу өнері XIX ғасырдағы ұлы бабамыз – ғалым Шоқан Уәлихановтан басталады. Одан бері бейнелеу өнерінің бастауын қалаған классик суретшілеріміз Әбілхан Қастеев, Николай Григорович Хлудов, Орал Таңсықбаевтарды атауға болады. Бейнелеу өнері – адам  баласының танымын , ой-өрісін дамытып, жаңадан жаңаны табуға жетелейтін өнер. Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығын тарихшылар баян етеді. Ш.Уәлихановтың «Сұлтан Мамырхан Рүстемов» суреті бойынша кейіпкердің психологиясын әдебиетшілер ұғындырады. Ш.Уәлихановтың аз ғұмырда тынбай еңбектенген қолжазбалары мен зерттеу еңбектерін талдап түсіндіреді. М.Шахановтың «Құлпытас кепиеті немесе  кері тебу заңы» деп аталатын өлеңі оқылады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 225

Похожие материалы