«Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы»

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

Сыни тұрғыдан ойлау» негізінде
«Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы» тақырыбындағы шығармашылық жоба

           Еңбекшіқазақ ауданы
                 «Ақши орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих пәнінің мұғалімі: Жошыбаева С.С.                                                              

Жобаның  мақсаты:  СТО технологиясы  негізінде  қазақ  халқының  құрылу қазақ мемлекеттілігінің  қалыптасу  тарихын  терең  меңгертудің  тиімді  жолын дамыту

Жобаның  өзектілігі : Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы –тәуелсіз  Қазақ елінің  қалыптасуының   түпкі негізі, бастауы,  түп  тамыры.

  Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы»

Сабақтық мақсаттары:

Білімділік

 Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы туралы терең  мағлұмат бере отырып, «Қазақ» сөзінің этималогиялық мағынасына кеңінен тоқталып, ғылыми тұрғыдан түсініктеме беру. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуының қазақ халқының ұлт ретіндегі қалыптасу үдерісіндегі алатын орны туралы, тарихи маңызы туралы, терең тарихи білімді меңгерту.

Дамытушылық

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы туралы, Қазақ мемлекеттілігінің құрылуының маңызын ашып көрсете отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, танымын дамыту. Олардың шығармашылық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, баяндалған тарихи оқиғаларға өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы  үдерісіндегі  қазақ мемлекеттілігінің құрылуының маңызын көрсете отырып,оқушыларды Қазақ ұлттық идеясы айналасына топтастыру, ұлттық идеяның алғы шарты болып есептелетін қазақ тіліне деген құрметке, Қазақстандық отансүйгіштікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін  нәтиже: 1. Оқушылар қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуы, Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы туралы терең мағлұмат алды.

2.Өзінің тарихи даму жолында сан қилы қиындықтарды өткерген қазақ мемлекетінің келешегінің кемелді, тәуелсіздігінің ғұмырлы, туының тұғырлы болатындығына нық сенім қалыптасты.

3. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы - тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағындағы маңызын түсінді

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.57 Mb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 172

Похожие материалы