Қазақ хандығының басқару жүйесі және әлеуметтік құрылымы.Сабақ жоспары 10 сынып

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні:30.01.2015ж.

10 «а» сынып

4-сабақ

Қазақстан тарихы

Сабақ атауы

Қазақ хандығының басқару жүйесі және әлеуметтік құрылымы

Сілтеме

Жалпы мақсаты

Білімділік: XV- XVІІІ ғғ. Қазақ хандығының басқару жүйесін, ұлыстық құрылымын, әкімшілік-құқық нормаларының ерекшеліктерін көрсету;

Күтілетін нәтиже

• Хронологиялық кесте құрастыра алады;
• Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Мәтіндегі негізгі ойды айта алады;
• Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;
• Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы туралы мәліметтер келтіре алады;
• Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады.

Негізгі идеялар

Хандық үкіметтің басқару жүйесі, ұлыстық құрам, әлеуметтік құрамы, «Жеті Жарғы», Билер кеңесі, меншік мәселесі, салықтар мен міндеткерлік түрлері Өз елінің тарихын нақты деректер арқылы білуге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Дереккөздер

Оқулық, хрестоматия,интернет сайттар

Тапсырмалар

Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу
Топқа бөлу,оқушылар бір-біріне тілек айтады.
Топқа бөлу: «Қасым хан», «Жәңгір хан»,»Тәуке хан», «Абылай хан» (оқушылар өздері таңдап алған сұрақтардың қай ханға қатысты екенін айтып, сол топқа отырады)

Үй тапсырмасы «15-17 ғғ. Қазақ хандығы» тақырыбын қайталау үшін «Сұрақтар кестесі» бойынша сұрақтарын қойғызады. Әр топтағы оқушылар дәптерлеріндегі үйден жазып келген «Сұрақтар кестесінің» сұрақтарын басқа топтарға оқиды. Топтардың бірін-бірі бағалауы.
Жаңа тақырып
Қызығушылығын ояту
Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын оқушылармен бірлесе құрады. Әр топ өздеріне берілген «Хан», «Билер кеңесі», «Заң», «Салық» сөздерінің мағынасын 3 сөзбен аудиторияға жасырады. Мұғалімнің мадақтауы
Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы

Феодалдар Қарапайы халық қараша , қара кісі , шаруа , бұқара

Сұлтандар , қожалар билер құл- құтан

Бай-шонжарлар,батыр, ақсақалдар

Құлдар , күңдер – бас бостандығы жоқ адамдар .

Ханның

Құқығы міндеті

Мемлекеттің жеріне билік жүргізу Елді сыртқы жаудан қорғау


Соғыс жариялау , билік жасау Әскерді басқару

Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

Өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесу не тірі қалдыру

Заң шығару , бұйрық беру

Зекет – мал басынан ханға төленетін салық

Салық Харадж – жер салығы

Тағар – әскер үшін алынатын салық

Хан , сұлтанға сыбаға , соғым беру

Міндеткерлік Ақсүйектерді қонақ етіп күту

Салық жинаушыларды , пошта қызметкерлерін т.б. көлікпен

қамтамасыз ету

Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылу қарсаңындағы экономикалық жағдай

  • Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары

Мағынаны ажырату
Әр топқа жаңа тақырып бойынша тақырыпшалар бөліп береді:
№1 оқушылар- «Хандық үкіметтің басқару жүйесі»
№2 оқушылар - «Ұлыстық құрам. Әлеуметтік құрамы».
№3 оқушылар –«Жеті Жарғы. Билер кеңесі».
№4 оқушылар -«Меншік мәселесі. Салықтар мен міндеткерліктер» Оқушылар мәтінмен танысып, бастапқы және сарапшы топтарда талдайды. Топ басшыларының бағалауы.
«Бас бармақ» әдісімен тақырыпты түсіну деңгейін бағалайды.
Сергіту сәтін өткізу: «Ортақ портрет» әдісі. Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп, біріктіріп ауызша сипаттайды.
Ой толғаныс
Сабақ барысында меңгерген білімдері негізінде шығармашылық жұмыс ретінде әр топқа тапсырма дайындауға бағыт береді. 1топ - «Хандық басқару және ҚР президенттік басқару» /сызба құрастыру/
2 топ-«Жеті Жарғы және Ата Заң»
/постер құру /
3 топ-«Салықтар мен міндеткерліктер»
/сәйкестендіру сызбасы/
4 топ- Бекіту сұрақтарын дайындайды. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сөздікпен жұмыс :

Мардикар - суландыру арықтарын қазу , тазарту , көпірлер , жолдар салу , жөндеу жұмыстары; Құналғы – әскер бөлімдерін лайықты қабылдау ;

Жамылғы – әкімшілік адамдарын қабылдау ;

Жасақ – көшпелі малшылардан алынатын салық

Баж – саудагерлерден алынатын жол салығы

Бағалау Бағалау парақшасы:
Оқушының аты:
Ұпайы 1 ұпай
2 ұпай 3 ұпай
Өзін-өзі бағалау (үй тапсырмасы)
Топ басшысының бағалауы
(шығармашылық жұмыс)
Мұғалімнің бағалауы
Жиыны:
9 ұпай –«5», 7-8 ұпай –«4», 5-6 ұпай - «3», 3-4 ұпай – «2»
рефлексия Сабақ жайлы өз ой пікірлерін А3 форматты бетіне стикер жабыстырады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 147.69 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 150

Похожие материалы