Қазақ тілі 4 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Олинова Жанетта Нурлановна
|
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар қарсы мәндес сөздердің ерекшелігін,мағыналық құрамын түсінеді.
Сабақтың міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндет:
Сын есімдердің қарсы мәндес түрімен танысады.
Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет.
Ұсынылған теориялық мағыналарды зерттеп, сын есімдердің мағыналарының қарсы мәндес болатынын түсінеді, талдау жасайды.
Топтық міндет:
Оқушылар біріге жұмыс жасау кезінде сұрақтарға бірлесе жауап іздейді, қорытынды шығарады.
Тәрбиелік мәні:
Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын оқып – үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау» , Б Ү Ү стратегиясы, 5 жол өлең ,
семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, кесте, семантикалық карта, тірек-сызба.
Бағалау: жекелеген оқушылардың жауап беруіне қарай.
Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Ұйымдастыру. Топқа бөлу .
2. Ой қозғау. 5 – жаттығуды тексеру.
3. – Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Сын есім.
Б Ү Ү стратегиясы бойынша сын есімді еске түсіріп, білімдерін тиянақтау.
ІІ. Мағынаны тану.
«Бос торкөзді толтыр» ойны
Кәрі – жас, алыс – жақын, жеңіл – ауыр -, түзу – қисық.
аласа – биік, жақсы – жаман, қиын – жеңіл, жарық –қараңғы, қымбат – арзан.
Тақтамен жұмыс. 7- жаттығу.
1.Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
2.Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.
3.Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.
4. Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.
а) тақтаға жазу.
ә) сын есімдердің астын сызу.
б) әр мақалдың мағынасын ашады.
в) ол сөздер туралы бұрынғы сыныптарда білетіндерін еске түсіру.
г)сын есімдердің мағыналары бір – біріне қарама – қарсы екеніне көз жеткізу.
Топпен жұмыс.
3 бой оқушылары өздерінің қатарындағы оқушылардың бойларының ұзын – қысқалығына қарай ажыратып жазады.
Оқулықпен жұмыс
Қарсы мәнді сын есім туралы мағлұматты негізге алады.
Мағыналары бір – біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз. Мысалы: қалың – жұқа.
Семантикалық карта
11 – жаттығу
Тапсырма: керікті сипатта
Мойыны, сирақтары ұзын, жылқы малына ұқсайды,мөлдіреген,үлкен көздері бар,қысқа мүйізі бар,теңбіл, құйрығы есектің құйрығындай.
Теңбіл сөзінің мағынасын түсіндіру.
Теңбіл – ала-құла
Топпен жұмыс.
ІІІ. Ой толғаныс .
Б Ү Ү стратегиясы. Бастапқы стратегияға қайтып келу.
Үйге тапсырма.Ана тілінен өтілген мәтіндерден қарсы мәндес сын есімдерді тауып, жазып келу.
Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 59 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |