Қазақ тілі-ардақты тіл

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Мұғалім: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Республикамыздың мемлекеттік тілі- қазақ тілі құрметіне арналған « Қазақ тілі-ардақты тіл» сайысын бастаймыз. 1-оқушы: Қазақ тілі жол ашты, Халықты танып білуге. Достарды жаңа танытты Қол созатын білімге! 2-оқушы: Мектеп-біздің анамыз, Білім,тәлім аламыз. 3-оқушы: Терген білім жемісін, Біздер жас ұланбыз. 1-оқушы: Керек болса ел үшін, Ел қорғауға барамыз. Бәрі: Асыға күткен бәріміз, Келді сайыс күніміз. Мұғалім: Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларды қарсы алайық! Біздің құрметті әділқазыларымыз: Магзеева Гүлнария Балғамбековна, Қабдөшев Асқар Сапарович Әр топ өзін таңыстырады. 1-топ. Топтың аты-«Жігер». Біз Отанға адалмыз, Отанымызды сүйеміз. Жеңіскер боп өсеміз, Азамат боп өсеміз. Мұғалім: Бұл топтың капитаны Балтабеков Сұлтан Әр сөзінде құпиялы бір сыр бар, Сұлтаннан төгілетін бір жыр бар. 2-топ. Біздің топтың аты-«Шолпан» Оймен шолып барлығын, Терендерге бойлаймыз. Еліміздің тағдырын , Осы бастан ойлаймыз. Мұғалім: «Шолпан» тобының капитаны Квачадзе Лэйла Ұстаз сөзін көкірегіне түйген қыз, Лэйла- шапшаң, тапқыр, алғыр қыз. Мұғалім: 1-тапсырма. « Мені танисың ба ?» ойыны. Ойыншыларға қарсы қай әріп түссе , сол әріп кездесетін сөз айтылуы керек.(4 сөз) 2-тапсырма. «Қос тіл-қос қанатың» аударма ойыны. Екі топтың ойыншылары шығып, орыс тілінде 4 сөзден айтады , олар қазақшаға аударуы тиіс. Мұғалім: Кел, балалар! Бір мезет ой тыңдайық, Тіл безеп,жаңылтпаштар айтайық. 3-тапсырма. « Мықты болсаң, жаңылдырып көр!» жаңылтпаш сайыс ойыны. Әр топ ойыншысы қарсыласының жаңылтпашын қателеспей , тез айтып беруі керек. Мұғалім . 5 «б» сынып оқушылары «Ақ мамам» әнін орындайды 4-тапсырма. «Ойлан,тап» ойыны. Ребус түрінде берілген мақал-мәтелдерді оқу. 5-тапсырма.Сөзге фонетикалық талдау жасау. Мұғалім: Қазақтың ұлттық ойыны «Ақ терек пен көк терек» 6-тапсырма. Капитандар сайысы.«Жаңылтпаштар» деген сөзден жаңа сөздер құрау. 7-тапсырма. «Шешендік» мақал-мәтелдер сайысы. Бірінші жолын мұғалім айтады, соның сайыскерлер толықтырады. 1. Мектеп-кеме, 3.Отансыз адам- ормансыз бұлбұл Білім-(теңіз). 4.Бірінші байлық-денсаулық 2. Білім-гауһар Бағасы жоқ. Надандық-(кесел) Дауасы жоқ. Мұғалім: «Ең тәтті дүние»-көрініс 8-тапсырма.Сурет бойынша көмекші есімдерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру. 9-тапсырма. Сөзжұмбақ шешу. 10. –тапсырма .Үйге берілген тапсырма. Қазақтың ұлттық тағамы. 11.ойын. «Бәйге» . Жауап нақты , әрі тез болуы керек. Қай оқушы қолындағы жалаушасын бірінші көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. 1. Аптаның үшінші күні. 2. Қазақстан қандай мемлекет? 3. Көптік жалғаулары.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 59.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 105

Похожие материалы