Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-сыныпқа арналған мазмұндамалар жинағы

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудағы мақсат- оқушыларға тіл үйрету,яғни қазақ тілінде еркін сөйлей білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

Мазмұндама жиынтығынын мақсаты:оқушының жазба тілін дамытуға,сауаттылыққа,әдеби тіл нормаларын игеруге,күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытындысын жасауға/дедуктивтік,индуктивтік, аналогиялық/ септігін тигізеді. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды, ой еңбегімен айналысуына көздейді.

Мазмұндамалар жинағын оқушыларға өздігінен жаңа сабақты меңгерту, тақырыпты пысықтау, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.Олардың сөздік қорын байытуға, тілін дамытуға бағытталған.

Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиеттен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі анық көрінеді.
          Мазмұндама жазғанда мына нәрселерге көңіл бөлген жөн.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеп, түсініксіз сөздерді түсіндіру.
3. Ең түйінді, өзекті нәрсеге көңіл бөлу.
4. Мәтін құрамындағы кейбір сөздердің мазмұнына, жазылуына назар аудару.
5. Мәтінді екінші рет оқу.
6. Мазмұндама жоспар арқылы да, жоспарсыз да жазылады.
7. Мәтіннің мазмұнын оқушы өз сөзімен жазады.
Жоспар құру - оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 76.12 Kb
Количество скачиваний: 81
Просмотров: 324

Похожие материалы