Қазақ тілі мәтін 2сынып.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ибраева Гульфайра Токтаргазиновна
|
«Амангелді орта мектебі»КММ Ибраева Г.Т.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы берілген ұғымдары кеңейеді, мәтінге тән белгілерді еске түсіреді, мәтіндегі сөйлемдердің байланысу тәсілдерін байқайды.
Міндеттері: 1.Өзара байланыстыра сөйлеу қабілеттері дамиды
2. СТО стратегияларын пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденуге үйренеді, өз ойын еркін жеткізе алуға төселеді.
4. Дос, достық сөздерінің мәнін ашады
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтыңәдісі: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: теледидар, суреттер, қағазға жазылған қима мәтіндер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Күн атауын жазу
Көркем жазу: лл лл лл
І. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» стратегиясы.
Жұмбақтарды шеш, жауабын жаз.
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар, сапары жоқ. ( Мысық)
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған. (Әріптер)
Судан алады,
Суға салса өледі. (Тұз)
Жоғарыдан айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында
Шалып, қағып ойнадым. ( Іс машина)
Сүмбелі теректі, қызыл желекті.
Ерден қалмайды, жауда керекті. ( Найза)
Бірінші әріптерін қосқанда қандай сөз шықты? Мәтін
«Топтастыру» стратегиясы
аты негізгі бөлім соңы
басы Мәтін жоспар
екі не одан да көп сәйлем
ІІ. Мағынаны тану.
Бүгінгі сабақ «Кубизм» тәсілі бойынша өтеді. Оның 6 бар.
І. Суреттеңіз
Мәтін дегеніміз не? Ережесі
ІІ. Зерттеңіз. 196-жаттығу.Үй тапсырмасын тексеру.
ШҚО табиғат ғажайыптары (іздеп жазып келу) Рахман қайнары туралы дерек.
ІІІ. Қолдан.-Мен сендерге мәтін құрастыруға дайындап қойған сөздерімді біреу орындарын ауыстырып кетіпті. Сондықтан біз қайтадан мәтінді құрастырайық
1. Балалар мектептен келе жатты.
2. Бір әжей құдықтан су алып жатыр еді.
3. Дәулет әжейге құдықтан су алып берді.
4. Әжей қуанып қалды.
5. Ол алғыс айтты.
6. Дәулет өз жөніне кетті .
(Сөздердің артында қоян бейнесі шығады.)
-Сөйлемдердің орны ауысса мәтін бола ма?
Қорытынды шығару: мәтіндегі сөйлемдердің де өз орны болады екен. Бір-бірімен байланысты сөйлемдер ғана мәтінді құрайды.
-Бүгін біз сабағымызда мәтіндегі сөйлемдердің байланысын сақтай отырып мәтін құруға үйренеміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.62 Kb |
Количество скачиваний: | 34 |