Қазақ тілі пәні бойынша презентация "Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Бегалинова Баян Алибековна
|
"Халық даналығына баулудағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні" атты зерттеу жобасына презентация
Зерттеу жұмысының мақсаты – Талдау, саралау негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының ділінің жалпы және жеке ерекшеліктерін анықтау; ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған өзіндік ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері – Оқушылардың, менің достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін қазақтың тіл шығармашылығының бірегей формасы, мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерделеп, мәнін ашу.
Зерттеудің болжамы – Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптары мен мағынасын зерделеу заманауи адамның тілінің мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.
Зерттеу объектісі – Қазақ халқының мәдени және әдеби мұрасы.
Зерттеу пәні – Сонау ықылым заманнан бізге өзінің тағылымдық мәнін жоғалтпай жеткен қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі болып табылатын мақалдары мен мәтелдері, сонымен қатар халқымыздың мақал-мәтелдерінде айқындалған мәдениеті.
Зерттеу әдістері – Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің жаңалығы – Зерттеу жұмысында мақал-мәтелдер арқылы қазақ халқының салттары мен дәстүрлерінің ерекшеліктері сараланды.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындылар – жастарға тәлім-тәрбие беретін, ұнамды үлгі қалыптастыратын мақал-мәтелдерді насихаттау; мақал-мәтелдерді мектеп өмірінің барлық бағыттарына /сабақта, сыныптан тыс өмірде ,т.б./ кеңінен енгізу керек деген қорытындыға келдім.
Іс-тәжірибеде пайдалану аясы – Мектепте тек қазақ тілі мен әдебиеті пәні ғана емес, сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту іс-тәжірибесінде; әсіресе, жастардың сөйлеу тілінде пайдалану керек.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 3.29 Mb |
Количество скачиваний: | 27 |